Атырау, 27 қараша 09:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тыйым салынған мұнай

3 415 просмотра

25 маусым күні Жылыой ауданы Қосшағыл поселкесінен 5 шақырым қашықтықта «НеФАЗ 9693 02» маркалы автокөлік тоқтатылып, ілеспе құжаттарсыз 29,2 текше метр шикі мұнай өнімдері анықталған.

Аудандық прокуратура және жол полициясы қызметкерлері мұнайдың Жылыой ауданында орналасқан «ЕМЕ» ЖШС-не қарасты «Масабай» кен орнынан алынғанын анықтады.

- Жүргізуші азамат Н. 2014 жылдан бастап «Масабай» кен орнынан шикі мұнай тасымалдайтынын, 42 рейс жасағанын және мұнайларды «Алтын-Инвест» ЖШС-нің мұнай терминалына құятынын айтып берді, - дейді Жылыой ауданы прокурорының  көмекшісі Асланбек БАЙБОСЫНОВ.

«Масабай» кен орнында мұнай өндіру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатының жоқтығына байланысты  «ЕМЕ» ЖШС-нің жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Алайда, осыған қарамастан ЖШС мұнайды өндіруді және тасымалдауды осы уақытқа дейін жалғастырып келген.

Бұл іске қатысты  Жылыой аудандық прокуратурасы жинақталған құжаттар бойынша ҚР ҚК-нің 183-1 бабының 1 бөлігімен («Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, өткізу, сақтау») қылмыстық іс қозғады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.