Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

1 376 просмотра

Жаңа имам

Төрт айдан бері бос тұрған Қызылқоға ауданының бас имамы лауазымына Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Құрманғазы ауданында имам болған Мейрамбек ҚОЖАХМЕТОВ тағайындалып, халықпен жүздесті.

Аудан әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВТЫҢ мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін қараусыз қалып, тозығы жеткен мешіт үйінің жөндеу жұмысына «Қамқорлық» қорынан 600 мың теңге бөлінген және имамға қызметтік үй, көлік берілген.

***

 

Қажетті тауар

Махамбет селосының тұрғындары Еркебұлан МҰҚАНБЕТОВ пен Баян ТОРБАЕВА бірлесіп, бір ауысымда 1000 дана әжетхана қағазын шығаратын шағын цехты іске қосты. Қос кәсіпкер 6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Украинадан қажетті құрал-жабдықтар әкелген.

***

 

«Дендерге»-80 жыл

Индер аудандық «Дендер» газеті сексен жылдық торқалы тойын аудан көлемінде атап өтті.

Журналистер мен баспагерлер, штаттан тыс тілшілер бас қосқан бұл күні салтанатты жиналыс, спорттық сайыс, өнерпаздар концерті және «Дәуір үні» кітабының тұсаукесері болды.

 ***

 

Кәсіпкерлер орталығы 

Мақат кентінде «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жанынан орталық ашылып, жұмыс жасауда.

Бүгінде аудан бойынша 1413 орта және шағын бизнес субъектісі тіркеліп, мемлекеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыс жасауда. Ал, орталық бизнесін дамытқысы келетін жергілікті кәсіпкерлерге құжаттар әзірлеуде, салық және бухгалтерлік мәселелер бойынша қолдау танытып, құқықтық  заңнамаларға қатысты ақысыз көмегін ұсынды. 

***

 

Жабдықтарды шаң басып тұр

Исатай аудандық ауруханасында 25 дәрігер лауазымы (қамтылуы 60,4 пайыз) бос тұр. Соның салдарынан тұрғындар 90 шақырым қашықтағы Атырау қаласына баруға мүжбүр.

Өткен және биылғы жылы 190 науқасқа ультрадыбыстық (УЗИ) зерттеуден өту үшін, ал, 62 адамға лор-дәрігерден кеңес алу үшін облыс орталығына сабылуға тура келген. Есесіне, ауруханада 40 млн теңгенің құрал-жабдығы 2010-2012 жылдан бері маманның жоқтығынан шаң басып тұр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.