Атырау, 29 қыркүйек 18:38
 дождьВ Атырау +24.4
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Атырауда қызметінде кемшілікке жол берген құрылыс бөлімдерінің басшылары жауапқа тартылды

68 рет қаралды

Атырау облысында құрылыс саласына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде өрескел заңбұзушылықтарға жол берген шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен қуылды.

Атырау облыстық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ең ірі заңсыздық Құрманғазы ауданында анықталды. 2024 жылы жергілікті құрылыс бөлімі Құрманғазы ауылынан жалпы құны 600 миллион теңгеге 30 пәтер сатып алған. Алайда бұл тұрғын үйлердің газ желісіне мүлдем қосылмағаны белгілі болды. Бөлім басшысы баспаналардың көгілдір отынсыз екенін конкурс өткізілмей тұрып біле тұра, тендерді жекелеген кәсіпкерлердің пайдасына шешіп берген.

Екінші дерек Қызылқоға ауданында тіркелді. Мұнда құрылыс бөлімінің басшысы іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін мердігер ұйымға 900 мың теңге бюджет ақшасын заңсыз аударып жіберген.

Аталған фактілер Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылса, Қызылқоға ауданындағы шенеунікке «қызметке толық сай еместігі туралы ескерту» берілді.

Қазір прокурорлық араласудан кейін өңірде осыған ұқсас заңбұзушылықтарға жол берген тағы үш лауазымды тұлға жауапқа тартылғанын хабарлады прокуратура. 

Бүгін, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.