Нұрсая ықшамауданында «Жас отау» жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша салынған 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алайда, пәтер алуға үміткер болу үшін құжаттарды қайда тапсырылатыны әлі күнге дейін белгісіз.
Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИДІҢ айтуынша, үй құрылысы шынымен аяқталған:
- Алайда, оны қолданысқа тапсыру мерзімі екінші тоқсаннан қыркүйекке шегерілді, өйткені, үйге инженерлік коммуникация әлі тартылған жоқ. «Жас Отау» бағдарламасына қатысушылардан құжаттарды шілденің ортасынан бастап қабылдау жоспарлануда. Біз мұны міндетті түрде БАҚ арқылы хабарлайтын боламыз. Бағдарламаны жүзеге асыру комиссияның қатысуымен барынша ашық түрде өткізіледі және осы комиссияға БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйымдарды қатыстыратын боламыз.
Тамара СУХОМЛИНОВА