Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Аза тұту күніндегі әрекеті үшін блогер 10 тәулікке қамауға алынды

Бейнежазба
587 рет қаралды

Петропавлда 42 жастағы блогер Ирина Антоненко 25 қыркүйекте — жалпыұлттық аза тұту күні жүргізген тікелей эфирінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желідегі трансляция кезінде ол құқық қорғау органдары тарапынан тиісті баға берілген әрекеттерге жол берген.

Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп, жиналған материалдарды сотқа жолдады.

29 қыркүйекте сот блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Полиция өкілдері оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілгенін атап өтті.

29 қыркүйек, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.