Қазақстандықтар Астана күнін тойлауға байланысты үш күн демалады.
Биыл 6 шілде күні тойланатын Қазақстан астанасының күні жексенбіге келіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні мен мереке күні қатар келген жағдайда мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.
Осылайша, 5, 6 және 7 шілде күндері демаламыз.