Атырау, 8 қазан 13:14
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды Әлемде

Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды

Ресей мемлекеттік думасына шенеуніктердің кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқытуына тыйым салатын заң жобасы түсті. Құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин даярлаған,- деп хабарлайды Азаттық. 14 қараша 2016, 16:21 2 067 рет қаралды
«Түрік ағыны» жобасына жол ашылды Әлемде

«Түрік ағыны» жобасына жол ашылды

Ресей мен Түркияның бұрынғы бейбіт байланысы қалпына келе бастағалы бері, екі ел арасындағы алыс-беріс пен сауда-саттыққа жол ашылып, тұралап қалған халықаралық жобалар қайта қолға алынуда,- деп хабарлады Нalyknews.kz 14 қараша 2016, 11:38 3 032 рет қаралды
Экзитполдар Болгариядағы президент сайлауында Румен Радевтың жеңгенін көрсетті Әлемде

Экзитполдар Болгариядағы президент сайлауында Румен Радевтың жеңгенін көрсетті

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Экзитполдар ақпары Болгариядағы президент сайлауында Ресеймен қарым-қатынастың жақсаруын жақтайтындардың бірі ретінде өзін көрсеткен Румен Радевтің жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлады РБК. 14 қараша 2016, 10:56 1 565 рет қаралды
Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады Әлемде

Трамп президент әкімшілігінің болашақ жетекшісін атады

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп президент әкімшілігін Республикашыл партияның ұлттық комитетінің төрағасы Райнс Прибус басқаратынын мәлімдеді. Республикашыл партия басшылығына жаққан Прибус сайлауалды кампаниясы кезінде Трамптың серігі болған,- деп хабарлады Азаттық. 14 қараша 2016, 10:39 1 879 рет қаралды
"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды Әлемде

"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды

Әлемге танымал актер әрі режиссер Джеки Чан кинематографияға қосқан зор үлесі үшін "Оскар" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Америкалық кинематография өнері мен ғылымы академиясының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 14 қараша 2016, 09:31 2 776 рет қаралды
Молдова президенті сайлауында ресейшіл кандидат жеңуге шақ тұр Әлемде

Молдова президенті сайлауында ресейшіл кандидат жеңуге шақ тұр

Молдовадағы президент сайлауының 13 қарашада өткен екінші кезеңінде ресейшіл кандидат Игорь Додон еуропашыл кандидат Майя Сандудан басым түсіп, жеңіске жеткенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 14 қараша 2016, 09:24 2 477 рет қаралды
АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды Әлемде

АҚШ "Нусра майданы" жетекшілеріне санкция салды

АҚШ қаржы министрлігі 10 қарашада "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты - Нусра майданы" тобының төрт жетекшісіне санкция салды. Бұл топ АҚШ пен Ресей арасында диспутқа айналған. Ресейдің ұйғарымынша, Вашингтон бұл топ содырларына олар АҚШ қолдайтын көтерілісшілермен бір бағытта Сирия билігіне қарсы соғысып жатқандықтан "тиіспейді",- деп хабарлады Азаттық. 11 қараша 2016, 12:30 3 354 рет қаралды
Германияның қорғаныс министрі Трампты Ресейге қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырды Әлемде

Германияның қорғаныс министрі Трампты Ресейге қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырды

Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен АҚШ-та президент сайлауында жеңске жеткен Дональд Трампты НАТО-ның Ресейге қатысты қатаңдық қағидаттарынан таймауға шықырды. Бұл сөздерді ол 10 қараша күні, ZDF арнасының эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 11 қараша 2016, 10:32 2 165 рет қаралды
Обама мен Трамп Ақ үйде кездесті Әлемде

Обама мен Трамп Ақ үйде кездесті

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде өзінің орнын алмастыратын Дональд Трампты қабылдады. Кездесуден соң Обама елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты "бірқатар мәселелер" талқыланғанын мәлімдеді. Ол екеуара "тамаша әңгіме-сұхбат" болғанын айтып, жаңа қиындықтар кезінде "бірігудің" маңызды екенін білдірді,- деп хабарлайды Азаттық. 11 қараша 2016, 10:05 1 853 рет қаралды
Мәскеу Қырымда "украин диверсанттары" ұсталғанын хабарлады Әлемде

Мәскеу Қырымда "украин диверсанттары" ұсталғанын хабарлады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Украинадан аннексиялап алған Қырымда украиндық "диверсилық топтың" күдікті үш мүшесін ұстағанын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 10 қараша 2016, 16:11 1 981 рет қаралды
Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын Әлемде

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, елдің жаңа басшысы, республикашыл Дональд Трамппен елдің мүддесі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін білдірді,- деп хабарлады Азаттық. 10 қараша 2016, 11:42 2 441 рет қаралды
Дональд Трамп - АҚШ президенті сайлауының жеңімпазы Әлемде

Дональд Трамп - АҚШ президенті сайлауының жеңімпазы

АҚШ президенті сайлауында соңғы мәліметтер бойынша, республикашыл кандидат Дональд Трамп жеңіске жетті. Енді ол АҚШ-тың 45-президенті атанбақ. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Трамп сайлаушылар алқасында 276 дауыс жинады. Президент болып сайлану кандидат үшін сайлаушылар алқасындағы 540 дауыстың кем дегенде 270-ін жинауы тиіс. Оның қарсыласы, демократ Хиллари Клинтон 218 дауыс жинады,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 13:58 2 767 рет қаралды
АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды Әлемде

АҚШ: Республикашыл партия конгрестегі басымдығын сақтап қалды

АҚШ-та президент сайлауымен қатар өтіп жатқан конгрес сайлауында Демократиялық партия сенатта босаған 34 орынның біреуін ғана иеленді. Демократтардың 100 орындық сенатқа бақылау үміті төмендеп барады. Сайлаушылардың көпшілігі республикашылдарға дауыс беріп жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 11:52 1 831 рет қаралды
Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша президенттік сайлауда алда келеді Әлемде

Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша президенттік сайлауда алда келеді

АҚШ-тан жеткен ақпаратқа сәйкес, Республикалық партия өкілі Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша АҚШ президентін сайлауда алға суырылып шықты,- деп хабарлады 24.kz. 9 қараша 2016, 11:28 2 334 рет қаралды
Әлемдік биржаларда индекстер төмендей бастады Әлемде

Әлемдік биржаларда индекстер төмендей бастады

АҚШ президенті сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамптың демократ Хиллари Клинтоннан басымдығы айқындала бастағанда әлемдік қор нарықтарында индекстер мен доллар бағамы төмендей түсті,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 10:57 1 872 рет қаралды
АҚШ сайлауы: Трамп тағы бірнеше штатта жеңді Әлемде

АҚШ сайлауы: Трамп тағы бірнеше штатта жеңді

АҚШ-тағы сайлауда тағы бірнеше штатта дауыс берудің қорытындысы шыға бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, республикашыл Дональд Трамп сайлаушылар саны көп Техас штатында және бұған дейін қарсыласы Хиллари Клинтон бірінші ханым болған Арканзас штатында жеңді. Монтана және Вайоминг штаттарында да Трамп жеңді. Ал Клинтон Нью-Йорк және Иллинойс штаттарында және солтүстік-шығыс штаттардың біразында жеңгенімен, сайлаушылар алқасында әзірге жеткілікті дауыс жинай алмай тұр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қараша 2016, 10:37 2 191 рет қаралды
Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты жандандыратынын мәлімдеді Әлемде

Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты жандандыратынын мәлімдеді

Ресей билігі өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей мен Түркия әскери ынтымақтастықты қайта жандандырады және жылдың соңына дейін үкіметаралық комиссия кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Ресейдің Федералдық әскери-техникалық ынтымақтастық қызметінің басшысы Александр Фомин 7 қарашада кездесудің мерзімі мен өтетін жері талқыланып жатқанын мәлімдеді. Ол комиссия сонымен қатар Түркияға Ресейде шығарылған әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін орнату жайын талқылауы да мүмкін екенін айтты,- деп хабарлады Азаттық. 8 қараша 2016, 11:01 2 331 рет қаралды
Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді Әлемде

Күрд жасақтары Мосул түбіндегі қалаға кірді

Иракта күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының бақылауында тұрған Мосулдың солтүстік-шығысындағы Башика қаласына кірді,- деп хабарлады Азаттық. 8 қараша 2016, 10:04 1 847 рет қаралды
АҚШ-тағы бұл сайлаудың ерекшелігі жоғары «антирейтингінде» - сарапшы  Әлемде

АҚШ-тағы бұл сайлаудың ерекшелігі жоғары «антирейтингінде» - сарапшы

«Глобалстратеджи групп» институтының басшысы Джеффри Полак қазіргі президенттік науқанның екі негізгі үміткерінің «антирейтингі» жоғары деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпараттың АҚШ-тағы тілшісі хабарлайды. 8 қараша 2016, 10:00 2 315 рет қаралды
БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз Әлемде

БҰҰ: Кундуздағы әуе шабуылын тексеріп жатырмыз

БҰҰ Ауғанстанның солтүстігінде америкалық әскери ұшақтардың шабуылынан ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуы оқиғасын тексеріп жатқанын хабарлады. БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясының (UNAMA) мәліметінше, Кундуздың Буз-е-Кандахари ауданында әуе шабуылынан 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, 19-ы жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі әйелдер мен балалар,- деп хабарлады Азаттық. 7 қараша 2016, 16:57 2 333 рет қаралды
Черногория "орыс ұлтшылдарының төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеді Әлемде

Черногория "орыс ұлтшылдарының төңкеріс жасамақ болғанын" мәлімдеді

Черногория билігі тергеу мәліметтері бойынша, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған, оның ішінде НАТО-ға қосылуды жақтайтын батысшыл басшыны өлтіру жоспарына "орыс ұлтшылдарының" қатысы барын мәлімдеді. Черногория арнайы бас прокуроры Миливойе Катничтің сөзіне қарағанда, прокурорлар "Ресейден шыққан ұлтшылдар" 16 қазан - елде парламент сайлауы өтетін күні парламентке басып кіріп, премьер-министр Мило Джукановичті өлтіруді ойластырған қылмыстық топ құрған деп тұжырған,- деп хабарлайды Азаттық. 7 қараша 2016, 11:21 1 850 рет қаралды
Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады Әлемде

Сириялық оппозиция Раккаға шабуыл басталғанын жариялады

"Демократиялық Сирия күштері бүлікшіл отряды сириялық Ракка қаласына шабуыл басталғанын хабарлады. Ракка - "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қолбасшылығының орталығына айналды,- Baq.kz. 7 қараша 2016, 10:54 1 841 рет қаралды