Атырау, 8 қазан 14:08
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Сербияда Сребреница қырғынына қатысты сот басталады Әлемде

Сербияда Сребреница қырғынына қатысты сот басталады

Сербия астанасы Белградта бүгін 1995 жылғы Сребреница қырғынына қатысы бар деп айыпталған сегіз адамның соты басталады. Сегіз адамға Сребреницаға жақын Кравица қаласында жүздеген "мұсылманды өлтіруге бұйрық берді немесе өлтіруге қатысты" деген айып тағылған,- деп хабарлады Азаттық. 12 желтоқсан 2016, 17:10 1 950 рет қаралды
Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ Әлемде

Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Американың Тайваньмен арақатынасына Пекиннің араласуына жол бермейтінін мәлімдеді,- деп хабарлады Turkystan.kz. 12 желтоқсан 2016, 15:50 2 940 рет қаралды
Италия сыртқы істер министрі елдің премьер-министрі болып тағайындалды Әлемде

Италия сыртқы істер министрі елдің премьер-министрі болып тағайындалды

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Маттео Ренци отставкаға кеткен соң, Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилоне елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен. 12 желтоқсан 2016, 11:37 3 044 рет қаралды
Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кеңештер сайлауы аяқталды Әлемде

Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кеңештер сайлауы аяқталды

Қырғызстанда конституцияға өзгертулер енгізу туралы бүгін өткен референдум заңды деп танылды. Қырғызстан орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, референдумге қатысқан сайлаушылардың 79,62 пайызы немесе 1 миллион 154 мың 411 адам конституцияға өзгертулер енгізуді қолдаған,- деп хабарлады Азаттық. 12 желтоқсан 2016, 10:48 2 184 рет қаралды
Нигерияда жарылыс жасауға 7-8 жастағы балалар пайдаланған Әлемде

Нигерияда жарылыс жасауға 7-8 жастағы балалар пайдаланған

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында орналасқан Майдугури қаласындағы базарда 7-8 жастағы екі қыз бала жарылғыш заттары бар белдікті іске қосты. Салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Би-Би-Си-ге сілтеме жасап. 12 желтоқсан 2016, 10:34 2 231 рет қаралды
Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады Әлемде

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады

Оңтүстік Корея депутаттары президент Пак Кын Хеге импичмент білдіруді қолдап дауыс берді. Импичментті 234 депутат қолдап, 59 депутат қарсы дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер арасындер Пактің "Сэнури" партиясының депутаттары да бар. Пак Кын Хе өкілеттіктерінен айырылып, оның қызметін атқара тұру премьер-министр Хван Ке-анға тапсырылды,- деп хабарлады Азаттық. 9 желтоқсан 2016, 13:37 2 912 рет қаралды
Лавров: Сирия армиясы Алепподағы операциясын тоқтатты Әлемде

Лавров: Сирия армиясы Алепподағы операциясын тоқтатты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия әскері Алеппоның шығысында әскери операцияларын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Қаланың бұл бөлігінде көтерілісшілер әлі де бірер ауданды бақылауда ұстап тұр,- деп хабарлады Азаттық. 9 желтоқсан 2016, 09:57 1 817 рет қаралды
ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері Гамбургте кездеседі Әлемде

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері Гамбургте кездеседі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Германияның Гамбург қаласына жыл сайынғы кездесуге жиналды. Кездесуде Украина мен Сирия дағдарысы да талқыланбақ,- деп хабарлады Азаттық. 8 желтоқсан 2016, 16:56 2 741 рет қаралды
Пәкістан: Апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтышында ақау болған Әлемде

Пәкістан: Апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтышында ақау болған

Пәкістанда 7 желтоқсанда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының ұшқышы апат алдында әуе диспетчеріне ұшақтың қозғалтқышында ақау барын хабарлаған деп мәлімдеді "Пәкістан халықаралық әуе желісі" (PIA) компаниясы,- деп хабарлады Азаттық. 8 желтоқсан 2016, 14:20 2 660 рет қаралды
ЕО дипломаттары: Ресейге қарсы санкция ұзаруы мүмкін Әлемде

ЕО дипломаттары: Ресейге қарсы санкция ұзаруы мүмкін

Еуропа Одағының (ЕО) дипломаттары ЕО басшылары келесі аптада Брюссельде өтетін саммитте Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 7 желтоқсан 2016, 10:26 2 564 рет қаралды
Венесуэла ОПЕК ұйымына кірмейтін елдердің саммитін ұйымдастыруды ұсынды  Әлемде

Венесуэла ОПЕК ұйымына кірмейтін елдердің саммитін ұйымдастыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла президенті Николас Мадуро мұнай нарығын тұрақтандыру бағытында 10 жылға арналған стратегия дайындау үшін ОПЕК ұйымына кірмейтін елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін ұйымдастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Риа Новости. 7 желтоқсан 2016, 09:48 2 089 рет қаралды
Ресейде ақпараттық қауіпсіздік доктринасы қабылданды Әлемде

Ресейде ақпараттық қауіпсіздік доктринасы қабылданды

Ресей президенті Владимир Путин елдің ақпараттық қауіпсіздігі доктринасын бекітті. Доктринада кейбір шет мемлекеттер "әскери мақсатты көздеп, Ресейге ақпараттық ықпал етуді күшейтіп жатқаны" айтылады. Құжат 6 желтоқсанда ресми құқықтық ақпарат сайтында жарияланған. Жарлық қол қойған күннен күшіне енеді. Осыған дейін 2000 жылы қабылданған ақпараттық қауіпсіздік доктринасы күшін жойды деп танылды,- деп хабарлады Азаттық. 6 желтоқсан 2016, 16:01 2 164 рет қаралды
ЕО: Өзбекстан сайлауы басқару реформаларын жалғастыра беру қажетін көрсетті Әлемде

ЕО: Өзбекстан сайлауы басқару реформаларын жалғастыра беру қажетін көрсетті

Еуропа Одағы (ЕО) Өзбекстанда Шавкат Мирзияевтің аса тартысты емес, бәсеке тым төмен болған президент сайлауында жеңіп шығуы бұл елде реформаларды жалғастыра беру қажеттігін көрсетті деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 6 желтоқсан 2016, 10:01 2 432 рет қаралды
Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды Әлемде

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетті, деп мәлім етті республиканың орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов. 5 желтоқсан 2016, 16:31 2 842 рет қаралды
Жерорта теңізінде Ресейдің Су-33 әскери ұшағы апатқа ұшырады Әлемде

Жерорта теңізінде Ресейдің Су-33 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің көп функциялы Су-33 жойғыш ұшағы "Адмирал Кузнецов" авиа тасығышына қонатын кезде апатқа ұшырады деп хабарлады Ресей қорғаныс минитсрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі. Ұшқыш катапультпен секіріп кетіп, құтқарушы тікұшақпен әкетілген,- деп хабарлады Азаттық. 5 желтоқсан 2016, 16:28 2 484 рет қаралды
Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль қайтыс болды Әлемде

Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Джемаль қайтыс болды

Ресей ислам комитетінің төрағасы, "Ресей ислам мұрасы" қоғамдық қозғалысы төрағаларының бірі Гейдар Джемаль қайтыс болды. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында хабарланды. 5 желтоқсан 2016, 13:59 2 319 рет қаралды
Италия: Маттео Ренци референдумнан соң отставкаға кетеді Әлемде

Италия: Маттео Ренци референдумнан соң отставкаға кетеді

Италия премьер-министрі Маттео Ренци бүгін елде конституциялық реформалар жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 5 желтоқсан 2016, 10:24 1 635 рет қаралды