Атырау, 18 маусым 04:31
 дождьВ Атырау +23.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Ресей жоғарғы соты: Меджлиске тыйым салу - заңды Әлемде

Ресей жоғарғы соты: Меджлиске тыйым салу - заңды

Ресей жоғарғы соты Қырым сотының Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - меджлисті тарату туралы шешімін заңды деп тапты. Меджлистің мүддесін қорғаушы адвокат Кирилл Коротеевтің айтуына қарағанда, ол жоғарғы сот шешіміне қарсы Страсбургтегі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымданады,- деп хабарлады Азаттық. 30 қыркүйек 2016, 09:45 2 537 рет қаралды
АҚШ Иракқа қосымша 615 сарбаз жібермек Әлемде

АҚШ Иракқа қосымша 615 сарбаз жібермек

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Пентагон Иракқа осы ел армиясын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларынан Мосул қаласын азат ету операциясына даярлау үшін 615 әскери қызметкер жіберетінін мәлімдеді. Енді Ирактағы АҚШ әскерінің саны 5 мың 200 адамға жетпек. Картердің сөзіне қарағанда, әскерилердің көпшілігі ирак және күрд жасақтарын Мосулды алуға дайындап, олардың шабуылына қолдау көрсетеді,- деп хабарлады Азаттық. 29 қыркүйек 2016, 15:02 2 079 рет қаралды
Ресей MH17 апатын тергеу қорытындысымен келіспейді Әлемде

Ресей MH17 апатын тергеу қорытындысымен келіспейді

Ресей билігі халықаралық тергеу тобының Украина шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines компаниясының жолаушылар ұшағын Ресейден әкелінген "Бук" зенит-зымыран кешенінен атылған зымыран атып түсірді деген тұжырымын аралық есебін сынады. Тергеушілер 28 қыркүйекте жариялаған есебінде 2014 жылы 17 шілдеде апатқа ұшыраған ұшақты атып түсірген зымыран Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақтан атылған деп тұжырған,- деп хабарлады Азаттық. 29 қыркүйек 2016, 10:20 2 431 рет қаралды
Тергеу тобы: Малайзия ұшағын Ресейден әкелген «Бук» атқан Әлемде

Тергеу тобы: Малайзия ұшағын Ресейден әкелген «Бук» атқан

Халықаралық тергеу тобы 2014 жылы 17 шілдеде Malaysian Airlines компаниясының Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағын Ресейден Украинаға әкелген «Бук» қондырғысымен атқан деген қорытындыға келді,- деп хабарлады Азаттық. 28 қыркүйек 2016, 18:34 1 591 рет қаралды
Сирия армиясы Алеппо маңында құрлықтағы операциясын бастады Әлемде

Сирия армиясы Алеппо маңында құрлықтағы операциясын бастады

Сирия үкіметі әскері қоршауға алған Алеппо қаласын басып алу үшін құрлықтағы операциясын бастады. Қалада 250 мыңнан астам адам тұрып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. Сирия армиясы қаланың орталық бөлігіндегі бұған дейін көтерілісшілер бақылауында болған аудандардың біріне бақылау орнатты. Алеппо 2012 жылдан бері екі тараптың ықпал аймағына бөлінген. Мемлекеттік телеарна үкімет әскері Алеппоның әйгілі қамалына жақын ауданды басып алғанын, ал қаланың тарихи орталық бөлігінде ұрыс жалғасып жатқанын айтты. 28 қыркүйек 2016, 09:42 1 559 рет қаралды
Клинтон: АҚШ-тағы хакерлік шабуылды Ресей жасағанына күмән жоқ Әлемде

Клинтон: АҚШ-тағы хакерлік шабуылды Ресей жасағанына күмән жоқ

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы ұйымдарға кибер шабуыл жасағанына "еш күмәны" жоғын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нью-Йорктегі Хофстра университетінде Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамппен өткен алғашқы дебатта айтты. Клинтон Трампты Ресей президенті Владимир Путинді америкалық мекемелерге хакерлік шабуылға жария түрде шақырғаны үшін айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 10:05 2 768 рет қаралды
Еуропарламент комитеті Киев үшін визалардан бас тартуды мақұлдады Әлемде

Еуропарламент комитеті Киев үшін визалардан бас тартуды мақұлдады

Еуропарламенттің Азаматтық бостандық, әділет және ішкі істер жөніндегі комитеті (LIBE) Еуроодақтың Украинаға визасыз режим ұсынуын қолдады, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 27 қыркүйек 2016, 09:25 1 356 рет қаралды
Ресей MH17 рейсі апатына қатысты жаңа мәліметтерін ұсынды Әлемде

Ресей MH17 рейсі апатына қатысты жаңа мәліметтерін ұсынды

Ресей қорғаныс министрлігі 2014 жылы жазда Украинаның шығысында апатқа ұшыраған малайзиялық ұшаққа қатысты делінген радиолокациялық мәліметтерін жариялады. Ол бойынша, Malaysian Airlines компаниясының ұшағын атып түсірген зымыран ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан атылмаған. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметтерін нидерландылық тергеушілердің MH17 рейсінің апатқа ұшырауына қатысты есебін жариялауына екі күн қалғанда ұсынып отыр,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 09:20 2 599 рет қаралды
Әзербайжан ОСК: Сайлаушылар президент өкілеттігін ұзартуды қолдады Әлемде

Әзербайжан ОСК: Сайлаушылар президент өкілеттігін ұзартуды қолдады

Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) референдумда берілген дауыстардың жартысынан көбін санағандағы нәтиже бойынша, сайлаушылардың басым көпшілігі президенттің өкілетті мерзімін бес жылдан жеті жылға ұзартуды қолдағанын мәлімдеді. ОСК басшысы Мазахир Панаховтың 27 қыркүйекте хабарлауынша, қазірге дейін берілген дауыстардың 72 пайызы саналған. Ол бойынша, сайлаушылардың 90 пайызға жуығы конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаған. Ресми мәлімет бойынша, референдумға дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 70 пайызға жуығы қатысқан,- деп хабарлады Азаттық. 27 қыркүйек 2016, 09:11 1 811 рет қаралды
АҚШ президенттігіне кандидаттар алғашқы дебатын өткізеді Әлемде

АҚШ президенттігіне кандидаттар алғашқы дебатын өткізеді

АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп жүзбе-жүз өтетін дебатқа дайындалып жатыр. Кандидаттар 26-қыркүйекте Нью-Йорктегі Хофстра университетінде жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі тоғызда дебатқа шығады. Кандиттар сайлау кампаниясы барысында барлығы үш рет дебат өткізеді,- деп хабарлады Азаттық. 26 қыркүйек 2016, 14:26 1 721 рет қаралды
Тайландтың бұрынғы премьері Йинглак Чинаватқа 1 млрд доллар айыппұл салынды Әлемде

Тайландтың бұрынғы премьері Йинглак Чинаватқа 1 млрд доллар айыппұл салынды

Тайландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чинават өз міндетіне жауапсыз қарағаны үшін 35,7 миллиард бат (1 миллиард доллардан астам) айыппұл төлеуі тиіс,- деп хабарлады Қазақпарат. 26 қыркүйек 2016, 10:49 2 382 рет қаралды
Будапештегі жарылыстың себебі анықталды Әлемде

Будапештегі жарылыстың себебі анықталды

Өткен түнде Будапешт орталығында болған жарылыстың мақсаты анықталды. Қаскөйлер венгер полициясының қызметкерлерін өлтірмек болған. Бұл туралы Будапеште өткен баспасөз конференциясында полиция комиссариатының басшысы Кароль Папп мәлімдеді,- деп хабарлады BNews.kz. 26 қыркүйек 2016, 10:25 2 052 рет қаралды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейді Сириядағы ахуалға қатысты айыптады Әлемде

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейді Сириядағы ахуалға қатысты айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылауға шұғыл жиналғанда Сирия әскери-әуе күштерінің ұшақтары қоршауда тұрған Алепподағы көтерілісшілер шептерін бомбалады. Жиын басында БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сирия үкіметін Алепподағы бейбіт тұрғындарға "шектен тыс әскери зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр" деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қыркүйек 2016, 10:01 2 019 рет қаралды
Атамбаев Мәскеудегі емханаға ауыстырылды Әлемде

Атамбаев Мәскеудегі емханаға ауыстырылды

Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі Ресей президентінің емханасында ем алып жатыр. Мамандардың кеңесімен және ресейлік тараптың шақыртуымен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев РФ президентінің Іс басқармасының Мәскеудегі Орталық емханасына ем алуын жалғастыру үшін келді. Бұл емханананың дәрігерлері оған осыған дейін де ем жасаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің ақпараттық саясат бөліміндегілер хабарлады. 23 қыркүйек 2016, 10:39 2 041 рет қаралды
Әлемдік дағдарыстың үшінші толқыны жақындады – БҰҰ  Әлемде

Әлемдік дағдарыстың үшінші толқыны жақындады – БҰҰ

Жаһандық экономика дамушы елдердің тұрақсыздығынан жаңа қаржы дағдарысына ұшырамақ. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясындағы баяндамада айтылды (UNCTAD), деп хабарлайды BNews.kz. 23 қыркүйек 2016, 10:32 2 742 рет қаралды
Ресей интернет-трафикті құпия бақылауға алуды жоспарлап жатыр – БАҚ Әлемде

Ресей интернет-трафикті құпия бақылауға алуды жоспарлап жатыр – БАҚ

Федералды қауіпсіздік қызметі, Коммуникация және байланыс министрлігі, Өнеркәсіп және сауда министрлігі ресейліктердің бүкіл интернет-трафигін бақылауға рұқсат беретін және шифрді оқуға мүмкіндік беретін техникалық мүмкіндіктерді талқылап жатыр, деп хабарлайды BNews.kz. 22 қыркүйек 2016, 10:26 2 122 рет қаралды
Душанбе Сирия мен Иракта соғысқандарды қайтарып жатыр Әлемде

Душанбе Сирия мен Иракта соғысқандарды қайтарып жатыр

Тәжікстан билігі биылғы сегіз айдың ішінде экстремизм және терроризм бойынша айыпталған 150-ден астам адамды елге қайтарды,- деп жазды Азаттық. Бұл туралы Душанбеде тәжік ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода хабарлады. 20 қыркүйек 2016, 17:15 2 867 рет қаралды