Атырау, 25 қыркүйек 03:16
 дождьВ Атырау +21.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

АҚШ тағы бірнеше ресейлікке санкция салды

2 381 рет қаралды

АҚШ Мәскеудің Украинадағы саясатына жауап ретінде санкция салған ресейліктер тізімін ұзартты. АҚШ қаржы министрлігінің 20 желтоқсанда жариялаған санкция салынғандар тізімінде Ресейдің сегіз азаматы, Ресей мен Қырымдағы 30-дан астам компания бар. Тізімге жаңадан ілінгендер арасында ресторатор, Ресей президенті Владимир Путиннің "бас аспазшысы" ретінде белгілі Евгений Пригожиннің (суретте) аты аталады,- деп хабарлайды Азаттық.

Санкт-петербургтік бизнесмен Евгений Пригожиннің "Конкорд Кейтеринг" компаниясы Кремльге кейтеринг қызметін көрсетеді. Пригожиннің сонымен қатар Санкт-Петербургте жасырын комментарий жариялайтын "тролльдер фабрикасымен" байланысы бар делінеді. Ақпарат агенттіктерінде, әлеуметтік желілер мен блогтарда жасырын комментарийлер жариялайтын мұндай желі Кремльдің саясатын қолдап, Ресей режимін сынайтындарға қарсы тұрады.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 желтоқсан 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.