Атырау, 18 маусым 06:10
 дождьВ Атырау +20.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Түркияда тағы 500-ден астам судья мен прокурор қызметтен босатылды Әлемде

Түркияда тағы 500-ден астам судья мен прокурор қызметтен босатылды

Түркияда тағы 543 судья мен прокурор қызметінен босатылды. Шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін жұмысынан айырылған сот саласы қызметкерлерінің саны 3 мың 200-ге жетті. 1 қыркүйекте президент Режеп Ердоған тазалау "сот билігінің тәуелсіздігін нығайтатынын" мәлімдеген,- деп хабарлады Азаттық. 2 қыркүйек 2016, 11:57 1 954 рет қаралды
Шавкат Мирзяев Самарқанға барып, қалада тазалық жұмыстары басталды Әлемде

Шавкат Мирзяев Самарқанға барып, қалада тазалық жұмыстары басталды

Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын президент Ислам Каримовтың жағдайының қандай екені хабарланбаған күйде атап өтті. 28 тамызда ауруханаға түскені ғана хабарланған Каримовтың жағдайына қатысты ресми ақпар әлі берілмей тұрған тұста президенттің орнына келетін ықтимал адам туралы талқы басталды,- деп хабарлады Азаттық. 2 қыркүйек 2016, 10:45 2 162 рет қаралды
Сауд Арабиясында имамдар жаппай жұмыстан шығарылып жатыр Әлемде

Сауд Арабиясында имамдар жаппай жұмыстан шығарылып жатыр

Сауд Арабиясында имамдарды жаппай жұмыстан қысқарту жүріп жатыр. Биліктің бұл шешімімен 10 мың имамды жұмысынан шығарылса, шамамен 360 млн сауд риалын (шамамен 97 млн АҚШ доллары) үнемдеуге мүмкіндік туады, деп хабарлайды BNews.kz. 1 қыркүйек 2016, 16:44 2 395 рет қаралды
Ердоған Обамамен Гүленді экстрадициялау мәселесін талқылайды Әлемде

Ердоған Обамамен Гүленді экстрадициялау мәселесін талқылайды

Түркия президенті Реджеп Ердоған АҚШ басшысы Барак Обамамен 4 қыркүйекте Қытайдан өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің жиынында кездеседі. Кездесу кезінде Ердоған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау мәселесін талқыламақ,- деп хабарлады Азаттық. 1 қыркүйек 2016, 14:14 2 047 рет қаралды
Отунбаева Атамбаев өзі туралы сөйлеп тұрғанда сахнадан кетіп қалды Әлемде

Отунбаева Атамбаев өзі туралы сөйлеп тұрғанда сахнадан кетіп қалды

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева Бішкекте Тәуелсіздік күніне орай президент Алмазбек Атамбаев сөйлеп жатқан кезде сахнадан кетіп қалды деп хабарлайды Азаттық. 31 тамыз 2016, 16:53 1 989 рет қаралды
Сирияда Түркия әскері мен күрдтер ұрысты уақытша тоқтатуға келісті Әлемде

Сирияда Түркия әскері мен күрдтер ұрысты уақытша тоқтатуға келісті

АҚШ Сирияда Түркия әскері мен күрд жасақтары арасында қақтығыстың уақытша тоқтатылуын құптайды. Бірақ уақытша бітімнің қаншаға созылатыны белгісіз. АҚШ автономия үшін күресіп жүрген күрд жасақтарын одақтас санайды,- деп хабарлады Азаттық. 31 тамыз 2016, 11:32 2 336 рет қаралды
Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді Әлемде

Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді

Бішкектің орталық алаңында бүгін Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әскери парад өтеді. Парадқа бір жарым мыңнан астам әскери қызметкер қатысып, әскери техника мен авиация көрсетіледі. Әскери парад Ош қаласында да өтеді. Бүгін сонымен қатар ел көлемінде тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шаралар болады,- деп хабарлады Азаттық. 31 тамыз 2016, 10:13 2 207 рет қаралды
Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды Әлемде

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты BBC орыс қызметіне сілтеме жасап. 31 тамыз 2016, 10:07 2 184 рет қаралды
Ауруханаға түскен Ислам Каримовты тәуелсіздікпен құттықтап жатыр Әлемде

Ауруханаға түскен Ислам Каримовты тәуелсіздікпен құттықтап жатыр

Өзбекстан президенті Ислам Каримов миына қан құйылып, ауруханаға түскен тұста оның атына шет мемлекеттер басшыларынан Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған хаттар түсіп жатыр,- деп хабарлады Азаттық. Бұл туралы Өзбекстан президентінің ресми сайтында айтылды. 31 тамыз 2016, 10:00 2 648 рет қаралды
Қырғызстанда оппозиция өкілі терроризм айыбымен сотталды Әлемде

Қырғызстанда оппозиция өкілі терроризм айыбымен сотталды

Бішкек соты бүгін оппозицияшыл белсенді Нұрлан Мотуевті терроризм айыбымен жеті жылға соттады. Қырғызстан жоғарғы соты 23 тамызда Мотуевті терроризмді қолдады, этникалық, нәсілдік және діни алауыздық тудыруға кінәлі деп тапқан,- деп хабарлады Азаттық. 29 тамыз 2016, 17:21 2 243 рет қаралды
Қырғызстанда бүгін Мәскеудегі өрт құрбандарын аза тұтады Әлемде

Қырғызстанда бүгін Мәскеудегі өрт құрбандарын аза тұтады

Қырғызстанда 29 тамыз - дүйсенбі аза тұту күні деп жарияланды. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қол қойған жарлықта аза тұту 27 тамызда Мәскеуде өрттен 14 қырғызстандық пен Бішкек-Ош жолында жол апатынан 9 қырғыз азаматының қаза табуына байланысты жарияланғаны айтылады,- деп хабарлады Азаттық. 29 тамыз 2016, 10:56 2 710 рет қаралды
Италияның зілзала болған аймақтарында төтенше жағдай жарияланды Әлемде

Италияның зілзала болған аймақтарында төтенше жағдай жарияланды

Италия үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 267 адамға жетті,- деп хабарлады Азаттық. 26 тамыз 2016, 15:22 3 299 рет қаралды
Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар Әлемде

Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Джизра қаласындағы полиция учаскесінде жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі BBC-ке сілтеме жасап. Қауіпсіздік қызметіндегілердің мәліметінше, жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. 26 тамыз 2016, 11:51 1 856 рет қаралды
Дональд Трамп: заңсыз мигранттарға АҚШ азаматтығын бермейміз Әлемде

Дональд Трамп: заңсыз мигранттарға АҚШ азаматтығын бермейміз

Республика партиясы атынан АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп заңсыз мигранттарды жаппай еліне қайтаруға қатысты өз ұстанымынан айнып қалды. Дегенмен, ол босқындарға Америка азаматтығы берілмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап. 26 тамыз 2016, 11:42 2 532 рет қаралды
Иран OPEC-тің мұнай бағасын көтеру жиынына қатыспақ Әлемде

Иран OPEC-тің мұнай бағасын көтеру жиынына қатыспақ

Иранның мұнай министрі Бижан Зангане Тегеранның Мұнай өндіруші елдер ұйымының (OPEC) қыркүйекте Алжирде өтетін мұнай бағасын көтеру шаралары жөніндегі жиынына қатысатынын растады,- деп хабарлады Азаттық. Занганенің бұл сөзі бірден мұнай бағасының аз да болса көтерілуіне әсер етті. 25 тамызда Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 62 центке көтеріліп, 49,67 долларды құрады. 26 тамыз 2016, 11:18 1 534 рет қаралды
Ердоған: Біз қолдаған көтерілісшілер Сириядағы қаланы ИМ-нен босатты Әлемде

Ердоған: Біз қолдаған көтерілісшілер Сириядағы қаланы ИМ-нен босатты

Түркия президенті Режеп Ердоғанның сөзінше, Түркия қолдайтын көтерілісшілер Сирияның Жараблус қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларынан қайтарған. Ердоған бұл туралы Анкарада АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуде, түрік танктері мен әскері Түркия және АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен Сирия шекарасынан өткен соң мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 25 тамыз 2016, 10:26 2 843 рет қаралды