Атырау, 27 қараша 14:58
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды

2 064 просмотра

Елде төңкеріс жасау әрекетіне қатысты тергеу жүргізіп жатқан Түркия билігі 15 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатты. Қызметтен кеткендер арасында екі мыңға жуық әскерилер, жеті жарым мың полиция, 500 жандарм бар,- деп хабарлады Азаттық.

Бұған қоса тоғыз ақпарат құралы, жеті газет, 500-ге жуық түрлі ұйымдар мен 18 қайырымдылық қорының жабылғаны да хабарланды.

Қазір Түркияда мемлекеттік қызметтен қуылғандар саны 110 мыңға жетті. Олардың қатарында судьялар, декандар, оқытушылар, әскерилер мен журналистер бар.

Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң 70 мың адам тергеліп, олардың 32 мыңы сот санкциясы бойынша қамалған.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 қараша 2016, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.