Атырау, 27 қараша 14:56
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Менің анам тірі - Гүлнара Каримованың ұлы

2 897 просмотра

Фото: BBC.comГүлнара Каримованың ұлы Ислам Каримов (суретте) BBC өзбек қызметіне берген сұхбатында анасының өлімі туралы хабарды жоққа шығарды.

"Анам 2014 жылдың ақпанынан бері үй қамауында. Қарындасым қамауда емес, бірақ елден кете алмайды. Өзім қазір Лондондамын", - деп мәлімдеді Каримов.

Ол осыған дейін Facebook желісіндегі "Дети Каримова" парақшасында жарияланған хатын өзі жазғанын растады. Хатында ол анасымен хабарласа алмағанын жазады. Ал тірі екенін қарындасы Иманнан біліпті. "Мен Өзбекстанның Лондондағы елшілігіне хабарласқым келді, бірақ қарындасып хабарласып, барлық қауесетті терістеді. Жұртқа айтқым келетіні анам қарындасыммен бірге Ташкентте және оның жағдайы жақсы. Анамды ешкім де жындыханаға жатқызған жоқ. Ол Өзбекстаннан кеткен жоқ. Осы уақыт бойы Иманмен бірге Ташкентте болды", - деп сендірді Ислам Каримов.

Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тар Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Гүлнара Каримова қайтыс болды деп хабар таратқан еді. Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы 5 қарашада уланып өлді делініп, сол күні Ташкенттегі "Минор" зиратында жерленді делінген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 қараша 2016, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.