Атырау, 18 маусым 06:08
 дождьВ Атырау +20.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Шойгу Картер сынына жауап қайырды Әлемде

Шойгу Картер сынына жауап қайырды

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ пен оның Батыстағы одақтастарын «Босния мен Косоводан бастап, Ирак пен Ливиямен аяқталатын» әлемдік тәртіп тұғырларын бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. Шойгу мұндай мәлімдемесін АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картердің Мәскеуді «халықаралық тәртіп принциптерін әлсіретуге ұмтылысын» айтып айыптағанынан соң жасаған. 13 қыркүйек 2016, 09:38 2 511 рет қаралды
Өзбекстанда ерте президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді Әлемде

Өзбекстанда ерте президент сайлауы 4 желтоқсанға белгіленді

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 4 желтоқсанда өтетін болды. Бұл туралы бүгін Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломов хабарлады. Сайлау президент Ислам Каримов науқастанып қайтыс болғаннан кейін өтейін деп отыр,- деп хабарлады Азаттық. 9 қыркүйек 2016, 16:10 2 688 рет қаралды
Пхеньян бесінші әрі ең қуатты ядролық сынақ жасады Әлемде

Пхеньян бесінші әрі ең қуатты ядролық сынақ жасады

Солтүстік Корея бүгін кезекті, бесінші рет әрі ең қуатты ядролық қаруын сынады деп хабарлады Оңтүстік Корея билігі. Пхеньян бұған дейін төрт рет ядролық сынақ жасаған ауданда қуаты 5,3 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлады Азаттық. 9 қыркүйек 2016, 12:07 3 153 рет қаралды
Клинтон Трамптың әскерилерді айыптап, Путинді мақтағанын сынады Әлемде

Клинтон Трамптың әскерилерді айыптап, Путинді мақтағанын сынады

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон бәсекелесі, Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың америкалық әскерилерді айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді мақтағанын сынады,- деп хабарлады Азаттық. Нью-Йорк түбіндегі Уайт-Плейнс әуежайында өткізген баспасөз конференциясында Клинтон Трамп бас қолбасшы бола алатынын дәлелдей алмады деді. 9 қыркүйек 2016, 10:42 1 618 рет қаралды
Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді Әлемде

Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

Бейсенбі күнгі жетекші мұнай биржаларындағы сатылым қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржалары сайтында осындай ақпарат жарияланды,- деп хабарлады Қазақпарат. 9 қыркүйек 2016, 10:37 1 827 рет қаралды
Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы тағайындалды Әлемде

Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытқа атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бұл туралы шешім бейсенбіде республиканың екі парламенттің біріккен отырысында қабылданды. 8 қыркүйек 2016, 16:52 2 910 рет қаралды
Өзбекстанда президент міндетін уақытша атқару мәселесі шешіледі Әлемде

Өзбекстанда президент міндетін уақытша атқару мәселесі шешіледі

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының заң шығарушы палатасы мен Олий Мәжілісі Сенаты 8 қыркүйек күні бірлескен отырыс өткізеді. Бұл туралы «Өзбекстан» телеарнасы хабарлады. Күн тәртібіне Өзбекстан Республикасы президенті міндетін уақытша атқару мәселесі тақыланады. 8 қыркүйек 2016, 11:10 1 862 рет қаралды
Өзбекстанның билік жүйесінде алдағы бес жылда өзгеріс болмайды - саясаттанушы Әлемде

Өзбекстанның билік жүйесінде алдағы бес жылда өзгеріс болмайды - саясаттанушы

Өзбекстанда алдағы бес жылда билік жүйесіне өзгерістер енгізіледі деуге әзірше ерте. Бұл туралы "IQ Studio" жобасының конферациясында Өзбекстан саясаттанушысы Фарход Аминжнов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 7 қыркүйек 2016, 16:02 1 576 рет қаралды
Эстония: Ресей әскери ұшақтары әуе кеңістігімізді тағы бұзды Әлемде

Эстония: Ресей әскери ұшақтары әуе кеңістігімізді тағы бұзды

Эстония әскери қолбасшылығы Ресей әскери ұшақтарының Балтық теңізінің үстінде әуе кеңістігін биылдыққа осымен төртінші рет бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресми мәлімдемеде Ан-72 ұшағы Эстонияның әуе кеңістігіне Вайндло аралы аумағына рұқсатсыз еніп, 90 секундтай болғаны айтылады. Экипаж ұшуларды басқару орталығымен байланыспай, әуе кеңістігінен 2 километрдей ішкерілей енген,- деп хабарлады Азаттық. 7 қыркүйек 2016, 11:18 2 543 рет қаралды
Қырғыз арнайы қызметі: Бішкектегі терактіні ұйғыр лаңкестері ұйымдастырған Әлемде

Қырғыз арнайы қызметі: Бішкектегі терактіні ұйғыр лаңкестері ұйымдастырған

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігінде болған терактіге қатысы бар деген күдіктілердің аты-жөндерін анықтаған - деп жазады Baq.kz сайты centralasian.org-қа сілтеме жасап. 7 қыркүйек 2016, 11:09 1 632 рет қаралды
АҚШ Ресейге салған санкциясын кеңейтті Әлемде

АҚШ Ресейге салған санкциясын кеңейтті

АҚШ Ресейдің Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін санкцияға алынған ресейлік компаниялар тізімін ұзартуға шешім қабылдады. Санкция тізімін ұзарту туралы ақпарат үкіметтің Federal Register басылымының сайтында жарияланған. Шешім 7 қыркүйекте күшіне енуі тиіс,- деп хабарлады Азаттық. 7 қыркүйек 2016, 10:38 1 787 рет қаралды
Путин Самарқандта Каримовтың туыстарына көңіл айтты Әлемде

Путин Самарқандта Каримовтың туыстарына көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айту үшін Самарқанға барды. Мұнда ол марқұмның жесірі Татьяна Каримова мен кіші қызы Лола Каримова-Тилляевамен кездесіп, көңіл айтты,- деп хабарлады Азаттық. 6 қыркүйек 2016, 13:51 2 853 рет қаралды
АҚШ пен ЕО Киевте телеарнаға шабуылды айыптады Әлемде

АҚШ пен ЕО Киевте телеарнаға шабуылды айыптады

АҚШ пен Еуропа Одағы елдерінің биліктері Киевтегі ресейшіл телеарнаның өртелгенін айыптап, мұндай әрекетті "дұрыс емес" деп атады,- деп хабарлады Азаттық. "БАҚ-қа кез-келген шабуыл - қабылданбайды" деп мәлімдеді АҚШ-тың Киевтегі елшілігі Twitter-де. 6 қыркүйек 2016, 11:50 1 955 рет қаралды
Кабулда бірден екі теракт болды: 30 адам қаза тауып, 90-ы жарақат алды Әлемде

Кабулда бірден екі теракт болды: 30 адам қаза тауып, 90-ы жарақат алды

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Кабулда бірден екі теракт болып, 30 адам қаза тауып, 90-нан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Осыған дейін 24 адамның қаза тапқаны жайында хабарланған болатын. 6 қыркүйек 2016, 10:21 2 579 рет қаралды
Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігу мүмкіндігіне алаңдайды Әлемде

Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігу мүмкіндігіне алаңдайды

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон Ресейдің АҚШ-тағы сайлау процесіне килігу ықтималдығына қатты алаңдайтынын білдірді. Оның пікірінше, Мәскеу президент сайлауына Демократиялық партия мен елдің сайлау жүйесіне кибер шабуыл жасау арқылы килігуі мүмкін,- деп хабарлады Азаттық. 6 қыркүйек 2016, 10:18 2 447 рет қаралды
Путин 2018 жылы өтетін сайлау жайлы: Мен әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқпын Әлемде

Путин 2018 жылы өтетін сайлау жайлы: Мен әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқпын

Ресей Федерациясының президенті 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысуы жайлы әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Кремль сайтына сілтеме жасап. 5 қыркүйек 2016, 14:53 1 664 рет қаралды
G20 көшбасшылары босқындар мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады Әлемде

G20 көшбасшылары босқындар мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады

Былтырдан бері кәрі құрлық елдерінде босқындар мәселесі ушығып тұрғаны баршаға белгілі. Еуропа мемлекеттері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, күрмеуі қиын түйткілді шешуге атсалысқанмен, мәселенің түйіні тарқатылар емес. Ханчжоуда кеше басталып, бүгін жалғасын тапқан «үлкен жиырмалық» саммитінде де көші-қон дағдарысы көтерілді,- деп хабарлады BNews.kz. 5 қыркүйек 2016, 11:35 2 180 рет қаралды
АҚШ пен Ресей: Сирияға қатысты келісім жасауға уақыт керек Әлемде

АҚШ пен Ресей: Сирияға қатысты келісім жасауға уақыт керек

Мәскеу мен Вашингтон Сириядағы соғысты тоқтату туралы келісім жасауға біраз уақыт керегін мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 4 қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан G20 елдерінің саммитінде "Біз келісімге жақын қалдық... дегенмен дипломатиялық тұрғыдан оны іске асыруға уақыт керек" деп мәлімдеді. Ол "келіссөз сәтсіздікке ұшырайды деп күтуге себеп жоғын" айтты,- деп хабарлады Азаттық. 5 қыркүйек 2016, 10:29 2 677 рет қаралды
Миллионнан астам адам Меккеге қажылыққа келді Әлемде

Миллионнан астам адам Меккеге қажылыққа келді

Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке және Медине (Сауд Арабиясы) қалаларындағы жыл сайынғы қажылыққа әлемнің барлық елінен 1,1 миллионнан астам 160 ұлт өкілдері келеді,- деп хабарлады Қазақпарат. 5 қыркүйек 2016, 10:07 2 808 рет қаралды
Йылдырым: Шекарадағы аудандар ИМ-нен босатылды Әлемде

Йылдырым: Шекарадағы аудандар ИМ-нен босатылды

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның сөзіне қарағанда, түрік әскері мен сириялық көтерілісшілер "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын Сирия-Түркия шекарасындағы соңғы территориясынан ығыстырып тастаған,- деп хабарлады Азаттық. Диярбакырға барған сапарында телеарнадан сөйлеген Йылдырым "Азааздан Жераблуске дейінгі 91 километр шекарамыз толықтай босатылды. Барлық террористік ұйымдар ығыстырылды" деп мәлімдеді. 5 қыркүйек 2016, 09:59 1 575 рет қаралды
Ислам Каримовтің дүние салғаны ресми хабарланды Әлемде

Ислам Каримовтің дүние салғаны ресми хабарланды

Өзбекстанның мемлекеттік телеарнасы президент Ислам Каримовтің 2 қыркүйек күні сағат 20.15-те Ташкентте қайтыс болғанын хабарлады. Солайша оның денсаулығына қатысты бір аптаға жуық созылған алып-қашпа әңгімелерге тоқтау салатын ресми мәлімдеме жарияланды,- деп хабарлады Азаттық. 2 қыркүйек 2016, 22:25 1 923 рет қаралды