Ресей президенті Владимир Путин жаңа сыртқы саяси доктринаны мақұлдады. Онда АҚШ пен оның одақтастарының Ресейді "тұсауды" көздейтін әрекеті "ғаламдық тұрақтылықты" бұзатыны айтылған. Путин Мәскеуде Вашингтонның "жаулық іс-қимылына қатаң жауап беруге" құқығы барын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.
Ресей үкіметінің 1 желтоқсанда жариялаған доктринасында Батыс елдеріне қатысты қатқыл ұстаным күшейген. Құжатта негізінен Путиннің бұған дейін 2013 жылы мақұлдаған сыртқы саяси доктринасы мен 2015 жылы желтоқсанда жарияланған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы да қамтылған. Бірақ жаңа доктринада АҚШ пен оның одақтастарының Мәскеуге Украинаға қатысты саясаты үшін санкция салу түрінде қысым көрсетіп жатқаны ерекше айтылады.
Доктринада мұндай қысымның қауіптілігі Ресей аумағынан да ары асып кететіні айтылады. "АҚШ пен оның одақтастарының Ресейді тежеу үшін саяси, экономикалық, ақпараттық және басқа да қысым жасау саясаты аймақтық және ғалаымдық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді" делінген құжатта.
Дереккөз: Аzattyq.org