Атырау, 8 қазан 12:19
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Шымкенттегі қайғылы оқиға: жер асты құдығында екі жұмысшы қаза тапты

101 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Шымкентте жер асты коммуналдық жұмыстары кезінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиға орын алды — екі жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға газдан улану себеп болған.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға құбыр тарту кезінде болған. Жер асты құдығында болған жұмысшылар жиналып қалған қалдық газдан ұланған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын, сондай-ақ нысанда қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Бүгін, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.