Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Колумбиядағы футболшылар мінген ұшақ апаты орнынан тірі қалғандар табылды

2 008 просмотра

Фото: Lenta.ruБразилия футболшылары мінген ұшақ құлаған Колумбияның Антьокия аймағынан аман қалғандар табылды. Бұл туралы 360 Radio Colombia радиостанциясының Twitter парақшасында хабарланған. Рионегро қаласының билік өкілдерінің мәліметінше, жергілікті ауруханаларға 10 адам жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Мұның алдында ұшақта болған жолаушылардың барлығы мерт болды деп хабарланған екен.

Нақтыланған ақпарат бойынша, ұшақ бортында 81 адам болған, соның ішінде экипаж мүшелері де бар. Жолаушылар арасында бразилиялық "Шапекоэнсе" клубының футболшылары мен қызметкерлері болған. Олар Медельинге Оңтүстік америкалық кубоктың алғашқы финалдық матчына қатысу үшін ұшып бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Боливиядан ұшқан борт командирі Медельин диспетчерлеріне жанармайдың жетпейтіндігін хабарлаған. Оған қону басымдығы берілгенмен, діттеген жеріне жете алмады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


29 қараша 2016, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.