Ирактың Хилла қаласындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, жүз адам ажал құшты,- деп хабарлады 24.kz.
Бұл шаһар ел астанасы Бағдаттан жүз шақырым қашықтықта орналасқан. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, марқұмдардың көбі Иран азаматтары. Лаңкестік әрекетті жанкешті жасаған. Ол жарылғышты іске қосқан кезде бекет жанында бірнеше автобус тұрған. Онда қасиетті жерлерге тәу ету үшін келген ирандықтар болған. Шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.
Дереккөз: 24.kz