Атырау, 27 қараша 14:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Менделеев кестесінде 113-ші элемент пайда болды

2 603 просмотра

Жаңа элемент Жапонияның RIKEN институтында 2004 жылы анықталған болатын. Жақында оған ресми түрде «нихоний» (nihonium) деген атау берілді, деп жазды Naryk.kz.

Элементтің атауы елдің қосалқы атауларының бірі – «Нихон» сөзінің негізінде алынған. Нихоний – мырыш пен висмуттың ядросын біріктіру нәтижесінде шығарылған элемент. Бұған дейін оған бейресми түрде латынша «унунтурий» деген атау берілген-ді.

Биыл жазда Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы жаңа элементтерге атау беру жөнінде ұсыныстар шығарған. Атомдық нөмірі 113, 115, 117 және 118 деп келетін элементтерді нихоний, московий (Мәскеудің атына орай), тенессин және оганессон (академик Юрий Оганесянның құрметіне) деп атау ұсынылған болатын.

Дереккөз: Naryk.kz

2 желтоқсан 2016, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.