Атырау, 18 маусым 07:37
 дождьВ Атырау +20.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

AIBA жемқорлыққа әбден батқан, енді Олимпиадаға қатыспаймын – Ирландия боксшысы Әлемде

AIBA жемқорлыққа әбден батқан, енді Олимпиадаға қатыспаймын – Ирландия боксшысы

Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен 56 келідегі ирландиялық боксшы Майкл Конлон ширек финалда төрешілердің шешімімен ресейлік Владимир Никитиннен ұтылып қалды. Бірақ, бұл шешімге 2015 жылғы әлем чемпионы келіскен жоқ. Кездесуден кейін төрешілердің сатылып кеткенін айтып сұхбат берді. Өзінің твиттердегі парақшасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге: «АИБА-ға қанша ақша төледің?» - деп сауал тастады,- деп хабарлады BNews.kz. 17 тамыз 2016, 10:21 2 292 рет қаралды
Ресей Сирия территориясына Ираннан әуе соққысын жасады Әлемде

Ресей Сирия территориясына Ираннан әуе соққысын жасады

Ресей әскери ұшақтары Ирандағы әуе базасынан бірінші рет Сирия аумағына әуе шабуылдарын жасады деп хабарлайды ресейлік ақпарат құралдары. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды 16 тамызда Иранның Хамадан әуе базасынан ұшып шыққан Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары және Су-34 бомбалаушы ұшақтары жасағанын айтады,- деп хабарлады Азаттық. 16 тамыз 2016, 15:35 3 197 рет қаралды
Трамп: ИМ-мен күресте Ресеймен ынтымақтасамыз Әлемде

Трамп: ИМ-мен күресте Ресеймен ынтымақтасамыз

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп егер президент болып сайланса "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте Ресеймен ынтымақтастасатынын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 16 тамыз 2016, 10:31 2 506 рет қаралды
Түркиядағы жарылыстан алты адам қаза тапты Әлемде

Түркиядағы жарылыстан алты адам қаза тапты

Түркияның оңтүстігінде жарылған автокөлік салдарынан төрт полиция қызметкері және екі тұрғын қаза тапты. Түрік билігінің хабарлауынша, шабуыл Дьярбакыр провинциясындағы халық көп шоғырланған аудандағы полиция бөлімшесі маңында жасалды,- деп хабарлады Baq.kz. 16 тамыз 2016, 10:27 2 992 рет қаралды
Лавров: Nord Stream 2 құбыры жобасы тоқтаған жоқ Әлемде

Лавров: Nord Stream 2 құбыры жобасы тоқтаған жоқ

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Nord Stream 2 табиғи газ құбыры жобасын дамытуға шақырды,- деп хабарлады Азаттық. "Жоба Еуропа одағындағы қазіргі газ инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сай келеді" деп мәлімдеді Сергей Лавров. 15 тамыз 2016, 15:11 1 945 рет қаралды
Америкалық жүзгіштер Риода өздерін тонағанын мәлімдеді Әлемде

Америкалық жүзгіштер Риода өздерін тонағанын мәлімдеді

Америкалық жүзгіш Райан Лохтенің NC телеарнасына айтуынша, Рио-де-Жанейрода түнде өзін "полиция қызметкерлері" ретінде тоқтатқан белгісіз адамдар тапаншамен қорқытып, тонап кеткен. Бұған дейін АҚШ-тың Олимпиада комитеті Лохте мен өзге екі жүзгіштің 14 тамыз күні таң ата тоналғанын айтқан,- деп хабарлады Азаттық. 15 тамыз 2016, 10:31 1 789 рет қаралды
Усэйн Болт жеті дүркін олимпиада чемпионы атанды Әлемде

Усэйн Болт жеті дүркін олимпиада чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық спринтер Усэйн Болт 100 метр қашықтыққа жүгіруден 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтынын ұтып, жеті дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшы қашықтықты 9,81 секундта еңсерді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 15 тамыз 2016, 10:00 3 423 рет қаралды
АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды Әлемде

АҚШ Ресей мен Украинаны жағдайды одан ары шиеленістірмеуге шақырды

АҚШ Мәскеудің "Қырымда украин арнайы қызметінің зымияндық әрекеттер жоспарлағаны" туралы мәлімдемесінен соң Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің күрт күшейгеніне "қатты алаңдайтынын" мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 12 тамыз 2016, 10:43 3 109 рет қаралды
Анкара: Мәскеумен қатынасты Батыстың ұстанымына қарамастан жақсартамыз Әлемде

Анкара: Мәскеумен қатынасты Батыстың ұстанымына қарамастан жақсартамыз

Түркияның Ресейдегі елшісі Үміт Ярдим Мәскеудің Батыс елдерімен арасы шиеленісіп тұрғанына қарамастан Түркия Ресеймен байланысын нығайта беретінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 12 тамыз 2016, 10:37 1 718 рет қаралды
Таиландта демалыс орындарында бір уақытта бірнеше жарылыс болды Әлемде

Таиландта демалыс орындарында бір уақытта бірнеше жарылыс болды

Таиландтағы демалатын туристік орындарда Пхукет аралында, Сурат Тхани мен Хуахин қалаларында алты жарылыс болып, бір адам қаза тауып, 5-ке жуық адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 12 тамыз 2016, 10:30 1 722 рет қаралды
Украина Ресейдің Қырымға қатысты айыбына орай БҰҰ-ға жүгінбек Әлемде

Украина Ресейдің Қырымға қатысты айыбына орай БҰҰ-ға жүгінбек

Украина Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) "Қырымда теракт жасамақ болған украин диверсанттарын" ұстағаны туралы хабарлаған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек. Бұл туралы Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 11 тамыз 2016, 16:37 2 823 рет қаралды
Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады Әлемде

Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады

Ресей билігінің мәліметінше, Сирияның Алеппо қаласын қоршап тұрған әскер қалаға гуманитарлық жүк кіруі үшін күн сайын үш сағаттан ұрыс қимылдарын тоқтатпақ. Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары шенді өкілі Сергей Рудскийдің хабарлауынша, 11 тамыздан бастап "барлық әскери операциялар", оның ішінде әуе шабуылдары мен артиллериядан атқылау жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-нан түскі сағат 13-ке дейін тоқтатылмақ,- деп хабарлады Азаттық. 11 тамыз 2016, 10:30 1 745 рет қаралды
Мемтөңкеріс әрекетінен кейін Ердоғанға бірінші болып хабарласқандардың бірі мен - Путин Әлемде

Мемтөңкеріс әрекетінен кейін Ердоғанға бірінші болып хабарласқандардың бірі мен - Путин

Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанға бірінші болып қоңырау шалғандардың бірі Ресей басшысы Владимир Путин болған. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінде Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты L!fe-ке сілтеме жасап. 10 тамыз 2016, 10:17 2 070 рет қаралды
БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды Әлемде

БҰҰ Алеппода "гуманитарлық үзіліс" жариялауға шақырды

БҰҰ Сирияның Алеппо қаласында соғысты уақытша тоқтатып, "гуманитарлық үзіліс" жасауға шақырды. БҰҰ гуманитарлық көмек қызметінің өкілі 9 тамызда Алеппода соғыстан су және электр қуатын тарату жүйелері қирап, жөндеуді қажет ететінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 9 тамыз 2016, 16:40 1 608 рет қаралды
Британияда жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр Әлемде

Британияда жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр

Ұлыбританияда «Саузерн Рэйлуэй» теміржол компаниясының қызметкерлері бескүндік ереуіл өткізіп жатыр. Бұл соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ наразылық шарасы болғалы тұр,- деп хабарлады BNews.kz. 9 тамыз 2016, 16:14 2 275 рет қаралды
Путин: Иран және Әзербайжанмен Каспийдегі жобаларды талқылауға дайынбыз Әлемде

Путин: Иран және Әзербайжанмен Каспийдегі жобаларды талқылауға дайынбыз

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан және Иранмен Каспий теңізі аймағында жаңа энергетикалық және транспорттық жобаларды талқылауға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. Бұл туралы ол Бакуде 8 тамызда Иран және Әзербайжан президенттері Хассан Роухани және Ильхам Әлиевпен бірінші рет үш жақты кездесуінде айтты. Президенттер мұндай жаңа форматтағы кездесу байланысты жақсартуы тиіс деп санайды. 9 тамыз 2016, 10:51 2 488 рет қаралды
Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады Әлемде

Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады

Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Дүйсенбіде, 8 тамызда, көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады. Бейнежазба 9 тамыз 2016, 10:04 2 139 рет қаралды