Атырау, 27 қараша 12:36
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

FIFA 10 мемлекетке айыппұл салды

2 366 просмотра

FIFA (Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясы) 10 мемлекетке түрлі заң бұзушылық, негізінен жанкүйерлерінің тәртібіне байланысты айыппұл салды,- деп хабарлады Азаттық.

Иранға 45 мың швейцар франкікөлемінде айыппұл салынды. Ал оның ұлттық футбол федерациясына 11 қазанда әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Оңтүстік Корея құрамасымен өткізген ойынында "бірқатар діни жоралғылар" жасағаны үшін ескерту жасалды.

FIFA діни жоралғылар матчқа дейін және матч кезінде жасалғанын, онда ұшқышсыз басқарылатын аппарат қолданылғанын, ал фанаттар трибунада діни мазмұндағы плакаттар көрсетіп, өздерін "лайықсыз ұстаған". Иран құрамасы мен жанкүйерлеріне "ұнамсыз қылық" көрсетіп, ойын кезінде алаңға бөтен адамның шығып кеткені үшін 40 мың франк көлемінде айыппұл салынған.

Ең көп айыппұл 50 мың франктан Албания мен Хорватияға салынған. Хорватия мен Косово футбол федерацияларына 6 қыркүйекте ұлттық құрамаларының кездесуінде фанаттары трибунада "Сербтерді өлтіру кере" деп айқайлағаны үшін айыппұл салынған. Албания федерациясына жанкүйерлері 5 қыркүйектегі матчта Македония гимні ойналған кезде алаңға теріс қарап алып, ысқырғаны үшін айыппұл салынды.

Айыппұл салынғандар арасында Бразилия, Парагвай, Эстония, Украина, Чили және Аргентина футбол федерацияларына да бар.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 қараша 2016, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.