Атырау, 27 қараша 12:54
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Молдавияда президентті екінші турда сайлайды

1 391 просмотра

Фото: ReutersАлматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Молдавия президентін сайлау сайлаудың екінші турын өткізуді қажет етеді. Оған сол және оң оппозиция көшбасшылары қатысатын болады, деп хабарлады ТАСС.

Бірінші турда президенттікке үміткер 50% плюс бір дауыс алуы тиіс еді. ОСК мәліметінше, хаттамалардың 98,6%-ын өңдеген соң Ресеймен жақындасуды қолдайтын, Молдова Республикасының социалистер партиясының үміткері - Игорь Додон сайлаушылардың 48,6% даусын алып отыр, ал оң бағыттағы еуропаға бүйрек бұратын коалициядан үміткер - Майя Санду – 37,9% дауыс алып отыр.

Үміткерлер арасында Ресеймен жақындасуды қолдайтын, Румыниямен бірігуді жақтайтын т с.с. бағдарламалары бар үміткерлер бар, бірақ олар алғашқы екі көшбасшымен таласа алмастай аз дауыс алды.

Дауыс беру қорытындысы дүйсенбі күні жарияланып, 13 қарашада екінші тур өткізу туралы да ресми шешім қабылдануы тиісті.

ОСК мәліметінше, сайлауға қатысу көрсеткіші - 48,97%.

БАҚ-тар жариялап отырғандай, бұл 1996 жылдан бері Молодовияда өтіп отырған бірінші жалпыхалықтық сайлау.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 қазан 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.