Атырау, 27 қараша 12:37
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түркияда 73 әскери ұшқышты ұстауға бұйрық берілді

2 164 просмотра

Түркия билігі шілдедегі сәтсіз мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 73 әскери ұшқышты қамауға ордер берді,- деп хабарлады Baq.kz.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олардың 45-і қамауға алынды, 28-і іздестіріліп жатыр. Олардың барлығы да офицер шеніне ие: екі полковник және 71 лейтенант.

Сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкерістен соң елде шамамен 35 мың адам ұсталды, 80 мыңнан астам адам тергелді, 29 мыңы босатылды, бірақ оларға "бақылау" орнатылды.

Ондаған мың мемлекеттік қызметкер, солардың ішінде полиция, сот және білім беру мекемелерінің қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Түркия бүлікті АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп отыр. Оппозициялық саясаткер бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Дереккөз: Baq.kz

28 қазан 2016, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.