Фото: ТАССТүркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында жарылыс болды. Жарылыстан 8 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін таңертең орын алған оқыс оқиға Баглар ауданында орналасқан Қауіпсіздік басқармасының маңында болған. Алдын ала болжамдар бойынша, мина қойылған автокөлік жарылған. Алғашында БАҚ жарылыстан 1 адам қаза тауып, отызы жарақаттанғанын хабарлап еді. Кейінірек ел премьер-министрі Бинали Йылдырым сегіз адам ажал құшып, жүзден астамы жараланғанын мәлімдеді. Түркияның Әділет министрі Бекир Боздагтың айтуынша, зардап шеккендердің ішінде полиция қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар бар.
Билік жарылысқа Күрдістан жұмысшы партиясын кінәлап отыр. Аталмыш партияға Түркияда тыйым салынған.
Ғаламторда жарылыс орнынан түсірілген видео тарады.
Дереккөз: Baq.kz