Атырау, 27 қараша 12:52
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Италияның орталығында күшті жер сілкінісі болды

2 556 просмотра

Италияның орталық бөлігінде 26 қазанда күшті жер сілкінісі болды. Зілзала тамыз айында жерасты дүмпуі болған аймақта тіркелген,- деп хабарлады Азаттық.

Рим мен Неапольден оңтүстікке қарай аймақта болған зілзаладан ғимараттар, оның ішінде ескі шіркеу қираған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, алғашқы зілзаланың қуаты 5.4, екіншісінің қуаты 6.1, үшіншісінің қуаты 4.9 магнитуданы құраған. Жер сілкінісінен бірнеше сағаттан соң Италия билігі ондаған адам жарақаттанып, бірнеше тұрғын ауыр жараланғанын хабарлады. Бір адам болжам бойынша жер сілкінген кезде жүрек талмасы ұстап қайтыс болған.

Зілзала дүмпулері тұрғындардың үрейін ұшырып, жұрт абдырап көшеге шығып кеткен. Италия билігі бұл жолғы зілзаладан келген шығын 24 тамызда болған зілзала шығынынан әлдеқайда аз. 24 тамыздағы жер сілкінісінен 300-ге тарта адам қаза тапқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 қазан 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.