Ирак әскері Мосул қаласына кірді. Шаһар орталығына жету үшін бір шақырымдай ғана жер қалды,- деп хабарлады 24.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Мосулды азат ету операциясы 17 қазанда басталған еді. Бірақ бұған дейін соғыс қимылдары тек қала маңында жүргізілген болатын. Арнайы операцияға үкімет әскерінен басқа күрдтердің «Пешмерга» жасағы мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция қатысып жатыр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, қазір көлемі жағынан осы елдегі екінші ірі шаһар - Мосулда 1,5 миллион халық бар. Қаланы 2 жыл бұрын «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» басып алған.
Дереккөз: 24.kz