Атырау, 29 наурыз 15:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Грузияның биліктегі партиясы парламенттегі көпшілік орынды иеленді

2 098 просмотра

Фото: Global Look PressГрузияның биліктегі "Грузия арманы" партиясы 30 қазанда өткен парламент сайлауының екінші кезеңінің нәтижесінде парламенттегі көпшілік орынға ие болды. Орталық сайлау комиссиясының 31 қазанда хабарлауынша, партия парламенттегі 150 орынның 115-ін иеленген,- деп хабарлады Азаттық.

Шетелге кетіп қалған бұрынғы президент Михаил Саакашвили құрған "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы парламенттегі 27 орынды, ал Грузия патриоттарының альянсы алты орынды иеленген.

"Грузия арманы" партиясы мен оның басты қарсыласы "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясы екеуі де НАТО-мен және Еуропа Одағымен байланысты күшейтуге шақырады. 8 қазанда өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде пропорционалды дауыс беруде "Грузия арманы" 48,68 пайыз дауыс, "Біріккен ұлттық қозғалыс" 27,11 пайыз дауыс жинаған еді.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің екінші кезеңі "жалпы алғанда тыныш, еркін ауанда өткенін" және айтарлықтай үлкен заң бұзу болмағанын айтады.

АҚШ президентінің әкімшілігі грузиялық сайлаушыларды дауыс беру қорытындысымен құттықтап, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының "сайлау барысында кандидаттар мен сайлаушылардың құқығы бірдей құрметтелді" деп тұжырғанын жеткізді.

Дереккөз: Аzattyq.org

1 қараша 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.