Атырау, 27 қараша 12:31
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бағдади ИМ содырларын Мосулдан шегінбеуге шақырды

1 549 просмотра

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдади содырларын Мосулға шабуылдап жатқан Ирак әскеріне қарсылық көрсетуге және берілмеуге шақырды. Бағдади екі жыл бұрын Мосулда "халифат" орнағанын жариялаған,- деп хабарлады Азаттық.

ИМ-нің Al-Furqan сайты бүгін таратқан аудиожазбада Бағдади деп таныстырылған адам "Шегінбеңдер. Масқара болып шегінгеннен абыройларыңды сақтап, жерді қорғап қалу мың есе жеңіл" дейді.

"Ниневияның барлық халқы, әсіресе жауынгерлер, қарсыласты қарсы алуда қандай да бір әлсіздік танытудан сақтаныңдар" деген Бағдади содырларды "хаос орнатып, қан төгуге шақырады.

ИМ 2014 жылдың маусымында Ирак территориясының үштен бірін басып алған соң Бағдади Мосулда Ирак пен Сирия территориясында "ислам мемлекеті" орнағанын жариялаған. Содан бері ИМ басып алған территорияларының көбінен айырылған. Осы аптада Ирак әскері содырлардың Ирактағы орталығы Мосулға жеткен.

ИМ-мен күресетін АҚШ басқаратын коалицияның мәліметінше, Мосулда үш мыңнан бес мыңға дейін содыр бар. Мосулға шабуылдап жатқан әскер саны ондаған мыңға жетеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

3 қараша 2016, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.