Атырау, 27 қараша 12:37
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ирак премьері Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды

2 286 просмотра

Ирак премьер-министрі Хайдер Абади (суретте) Түркия Иракпен шекарасының Мосул қаласына жақын тұсына танктер мен артиллерия орналастырылғаннан соң Анкараны соғысқа арандатпауға шақырды,- деп хабарлады Азаттық.

Телеарнадағы баспасөз конференциясында Абади Бағдадтың "Түркиямен соғысқысы немесе жанжалдасқысы келмейтінін", бірақ әскері оқиғаның бұлай өрбіп кету мүмкіндігіне дайын екенін мәлімдеді. Ол Бағдадтың түркиялық әскерилерге Мосул маңындағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларына қарсы әскери операцияларға қатысуына тыйым салғанын да айтты. Абадидің сөзіне қарағанда, егер Түркия Мосул маңында ұрысқа кіріссе, онда Ирак оны "жаулас ел" қатарына қосады.

Түркия 1 қарашада оңтүстік-шығыстағы Иракпен шекараға танктер мен артиллериясын орналастырған. Анкара әскері "қажет болған жағдайда" Иракқа жөнелтілуі мүмкін екенін айтқан. 1 қарашада Түркияның қорғаныс министрі Фикри Ышык Анкара шекараның өзіне тиесілі бөлігінде әскери бөлімдер ұстауға міндетті емесін мәлімдеген. 25 қазанда Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу билік егер елдің қауіпсіздігіне қатер төнсе Иракта құрлықтағы операциялар бастауы мүмкін екенін хабарлаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 қараша 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.