Атырау, 27 қараша 12:53
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ: Сириядағы мектепке шабуылды әскери қылмыс деуге болады

1 672 просмотра

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияның Идлиб провинциясындағы мектепке жасалған әуе шабуылын әскери қылмыс деп атауға болатынын мәлімдеп, шабуылды дереу тергеуге шақырды. Пан Ги Мунның мәлімдемесінде оның 26 қазанда мектепке жасалған шабуылдан 28 адам, оның арасында 22 баланың қаза тапқаны туралы хабардан "жаны түршіккені" айтылады,- деп хабарлады Азаттық.

"Егер шабуыл қасақана жасалса, ол әскери қылмыспен теңестірілуі тиіс" делінген мәлімдемеде. Пан Ги Мун сонымен қатар бұл шабуылды және Сириядағы бейбіт тұрғындарға осы кезге дейін жасалған басқа да шабуылдарды дереу тәуелсіз түрде тергеуге шақырады.

27 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова құқық қорғаушылар мен батыстық дипломаттардың мектепке шабуылды Ресей әскери-әуе күштері мен Сирия үкіметінің әскері жасады деген ұйғарымын жоққа шығарған. "Ресейдің бұл қайғылы оқиғаға еш қатысы жоқ" деді Захарова Мәскеуде журналистерге.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 қазан 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.