Атырау, 8 қазан 12:24
 дождьВ Атырау +16.4
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

БҰҰ: ИМ Мосулда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр Әлемде

БҰҰ: ИМ Мосулда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатыр

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Ирактың Мосул қаласында бейбіт тұрғындарды қырып жатыр. ИМ-нің Ирактағы соңғы тірегі - Мосулға Ирак әскері мен күрдтердің қарулы жасақтары шабуылдап барады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қазан 2016, 10:31 1 680 рет қаралды
Германия Стамбулда армян қырғынын еске алу концертін өткізбейтін болды Әлемде

Германия Стамбулда армян қырғынын еске алу концертін өткізбейтін болды

Германия сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы герман консулдығында жоспарланған Осман империясы тұсында армяндардың депортацияланып, қырылуын еске алуға арналған концертті өткізбейтін болды. Концертті өткізбеу шешімінен соң Берлинді "Анкараның қысымына шыдамады" деп айыптай бастады,- деп хабарлады Азаттық. 26 қазан 2016, 10:17 2 705 рет қаралды
Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 60-қа жуық адам қаза болды Әлемде

Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 60-қа жуық адам қаза болды

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Пәкістанда полиция академиясына содырлардың жасаған шабуылынан 59 адам қаза болып, жүзге жуық адам жараланды, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар. 25 қазан 2016, 16:44 2 521 рет қаралды
Қырғызстанда қазақстандық препаратты сынау кезінде екі адам көз жұмды Әлемде

Қырғызстанда қазақстандық препаратты сынау кезінде екі адам көз жұмды

Қырғызстанда қазақстандық туберкулезге қарсы дәрілік препаратты клиникада сынақтан өткізу салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлады Азаттық Қырғызстанның бас прокуратурасына сілтеме жасап. 25 қазан 2016, 15:36 2 860 рет қаралды
Норвегия Ресеймен шекараға таяу АҚШ әскері орналастырмақ Әлемде

Норвегия Ресеймен шекараға таяу АҚШ әскері орналастырмақ

Норвегия үкіметі елде АҚШ-тың 300-ден астам сарбазын орналастыруға рұқсат еткенін мәлімдеді. Әскери-теңіз күштерінің 330 сарбазы Ресеймен шекарадан 1 мың километр қашықтықтағы Ваернес әскери базасына орналастырылады,- деп хабарлады Азаттық. 25 қазан 2016, 11:00 2 646 рет қаралды
Тегеранда Каспийдің мәртебесін талқылап жатыр Әлемде

Тегеранда Каспийдің мәртебесін талқылап жатыр

Иран астанасы Тегеранда Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен арнайы өкілдері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын талқылап жатыр деп хабарлады Азаттық. 24 қазан 2016, 15:47 2 493 рет қаралды
Литва оппозициясы сайлауда жеңіске жеткенін жариялады Әлемде

Литва оппозициясы сайлауда жеңіске жеткенін жариялады

Литвадағы парламент сайлауында оппозицияшыл "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы 23 қазанда өткен дауыс берудің екінші кезеңінде жеңіске жеткенін жариялады,- деп хабарлады Азаттық. Берілген дауыстың барлығына жуығы саналғандағы мәліметтер бойынша, партия парламенттегі 141 орынның 54-ін иеленген. "Шаруалар мен жасылдар одағы" партиясы бұл нәтиже арқылы парламентте ірі фракция құра алады. Оппозицияшыл консервативтік "Отан одағы" партиясы 31 орынды, қызметінен кететін премьер-министр Альгирдас Буткявичюстің Социал-демократиялық партиясы 17 орынды иеленген. Сонымен қатар парламентке тағы үш шағын партия өтті. 24 қазан 2016, 11:42 2 044 рет қаралды
Алеппода "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты Әлемде

Алеппода "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты

Сирияның Алеппо қаласында Дамаск мен оның одақтасы Ресей жариялаған 72 сағаттық "гуманитарлық бітім" аяқталған соң ұрыс қайта жалғасты. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 23 қазанда Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығыс аудандары әуеден және артиллериядан атқыланғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 24 қазан 2016, 10:27 1 900 рет қаралды
ЕО Асадты қолдайтындарға санкция салуды ойластырып жатыр Әлемде

ЕО Асадты қолдайтындарға санкция салуды ойластырып жатыр

Еуропа Одағы (ЕО) егер Сирия президенті Башар Асадты қолдайтындарға олар Сириядағы қырғынды тоқтатпаса санкция салуды ойластырып жатыр. Бұл туралы 20 қазан күні кештеу Брюссельде өтетін ЕО елдері жетекшілерінің саммиті қарсаңында Азаттыққа белгілі болған кездесу туралы мәлімдеме жобасында айтылады,- Деп хабарлады Азаттық. 21 қазан 2016, 10:30 1 696 рет қаралды
Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды Әлемде

Прагада ұсталған "ресейлік хакердің" аты-жөні анықталды

Прагада АҚШ-тағы компьютерлік желілерге хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған Ресей азаматы - 29 жастағы Евгений Никулин екені белгілі болды. "Настоящее время" телеарнасы Никулиннің Instagram-дағы аккаунты арқылы оның 5 қазанда тұтқындалғаннан бірер апта бұрын Беларусь пен Польша арқылы Чехияға жеткенін анықтады,- деп хабарлады Азаттық. 21 қазан 2016, 10:24 2 072 рет қаралды
Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды Әлемде

Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды

Ұлыбритания Солтүстік теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің авианосеці мен өзге бірнеше кемені бақылауға екі әскери кемесін жөнелтті,- деп хабарлады Азаттық. 20 қазан 2016, 16:43 2 616 рет қаралды
Киев пен Мәскеу бейбіт келісімді орындаудың жаңа жоспарын жасамақ Әлемде

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімді орындаудың жаңа жоспарын жасамақ

Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары келесі айдың соңына дейін Украина шығысында "Минск бейбіт келісімін іске асыру жөніндегі жаңа жол картасын" дайындауға келісті,- деп хабарлады Азаттық. Берлинде өткен Украина мен Сирия мәселелеріне арналған алты сағаттық келіссөзден соң Германия канцлері Ангела Меркель кездесуде "ғажайыпқа қол жетпегенімен", жаңа бітім жоспары барлық тараптың 2015 жылғы Минск келіссөзін орындауына мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 20 қазан 2016, 11:49 2 720 рет қаралды
Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады Әлемде

Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады

Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Сириядағы іс-қимылына қатысты санкция салу жайы Еуропа Одағының таңдауында қалуы тиіс деп мәлімдеді. Меркель өзі және Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Берлинде Украинадағы дағдарысқа қатысты өтетін кездесуде Ресей президенті Владимир Путинмен Сириядағы жағдайды талқылайтынын айтты. Бірақ ол бұл кездесуден "ғажайып нәрсе" күту керек емесін білдірді,- деп хабарлады Азаттық. 19 қазан 2016, 10:56 2 320 рет қаралды
Ресей Алеппоны бомбалау уақытша тоқтағанын мәлімдеді Әлемде

Ресей Алеппоны бомбалау уақытша тоқтағанын мәлімдеді

Мәскеу Ресей мен Сирия әуе күштері Алеппоны бомбалауын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін бейбіт тұрғындар мен содырлардың қаладан шығып кетуіне мүмкіндік беру үшін бомбалау жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да тоқтатылғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 18 қазан 2016, 15:35 2 363 рет қаралды
БҰҰ: Йеменде бітім жарияланды Әлемде

БҰҰ: Йеменде бітім жарияланды

БҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы елшісі Улд Шейх Адмедтің мәлімдеуінше, Йеменде 72 сағатқа созылған бітім күшіне енеді және оны соғысып жатқан барлық тарап бірдей қолдауға келісті. Шейх Ахмедтің сөзіне қарағанда, қақтығысты тоқтату режимі 18 қазанда түн ортасында күшіне енеді және ол гуманитарлық көмектің жеткізілуіне мүмкіндік жасайды,- деп хабарлады Азаттық. 18 қазан 2016, 09:16 2 560 рет қаралды
Қытай бортында екі ғарышкері бар басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды Әлемде

Қытай бортында екі ғарышкері бар басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Қытай орбитаға бортында екі ғарышкері бар басқарылатын «Шэньчжоу-11» ғарыш кемесін ұшырды және олар орбитадағы зертханада бір айдай уақыт болуы керек, деп хабарлады ВВС Орыс қызметі. 17 қазан 2016, 12:07 3 136 рет қаралды
Сирия оппозициясы Түркияның көмегімен Дабик қаласына бақылау орнатқан Әлемде

Сирия оппозициясы Түркияның көмегімен Дабик қаласына бақылау орнатқан

Сирияның солтүстігіндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қолында болып келген Дабик қаласын Түркия қолдау көрсететін сириялық оппозиция күштері бүгін бақылауына алды деп хабарлады Азаттық агентігі Reuters-ке сілтеме жасап. 17 қазан 2016, 09:10 1 978 рет қаралды
Ирак билігі: Мосулды ИМ-нен азат ету операциясы басталды Әлемде

Ирак билігі: Мосулды ИМ-нен азат ету операциясы басталды

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларының бақылауында тұрған Мосул қаласын қайтарып алу операциясы басталғанын хабарлады. Ирактың мемлекеттік телеарнасы арқылы жасаған үндеуінде Абади "жеңіс уақыты таяп, Мосулды босату операциясы басталғанын" мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 17 қазан 2016, 09:08 2 415 рет қаралды
Антонио Гутерриш БҰҰ-ның келесі бас хатшысы болып бекіді Әлемде

Антонио Гутерриш БҰҰ-ның келесі бас хатшысы болып бекіді

БҰҰ Бас ассамблеясы Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерришті ұйымның келесі бас хатшысы етіп бекітті. БҰҰ құрамындағы 193 мемлекет 75 жастағы Гутерриштің кандидатурасын 13 қазанда бекітті. Қазіргі бас хатшы, БҰҰ-ны қатарынан екі мерзім - 10 жыл басқарған Пан Ги Мунның өкілетті мерзімі 1 қаңтарда аяқталады,- деп хабарлады Азаттық. 14 қазан 2016, 10:25 2 810 рет қаралды