Атырау, 27 қараша 12:35
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Меркель Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды жоққа шығармады

2 137 просмотра

Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге Сириядағы іс-қимылына қатысты санкция салу жайы Еуропа Одағының таңдауында қалуы тиіс деп мәлімдеді. Меркель өзі және Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Берлинде Украинадағы дағдарысқа қатысты өтетін кездесуде Ресей президенті Владимир Путинмен Сириядағы жағдайды талқылайтынын айтты. Бірақ ол бұл кездесуден "ғажайып нәрсе" күту керек емесін білдірді,- деп хабарлады Азаттық.

Меркель мен Олланд та Ресейдің Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсеткенін сынайды. Олар Ресей мен Сирияны бейбіт тұрғындар мен ауруханаларды әдейі бомбалап жатыр деп айыптайды.

Меркель 18 қазанда Сирияда "апатты жағдай" болып жатқан тұста "қандай да бір шара қолданылатынын, оның ішінде санкцияны жоққа шығаруға болмайтынын", бірақ Путинмен кездесуде "ең басты мәселе - бейбіт халықтың қайғысын азайту жолдарын іздеу жайы" талқыланатынын айтты.

Меркельдің бұл сөзіен бір күн бұрын ЕО-ның сыртқы саяат жөніндегі комиссары Федерика Могерини одақ Ресейге Сириядағы әрекеті үшін санкция салуды ойластырып жатпағанын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 қазан 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.