Атырау, 27 қараша 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сирия оппозициясы Түркияның көмегімен Дабик қаласына бақылау орнатқан

1 723 просмотра

Фото: ReutersСирияның солтүстігіндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қолында болып келген Дабик қаласын Түркия қолдау көрсететін сириялық оппозиция күштері бүгін бақылауына алды деп хабарлады Азаттық агентігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Дабик қаласы аймақтағы исламшылдар үшін маңызды роль атқарады. Діни аңызда ол ақырзаман болар алдында үлкен соғыс болатын жер ретіне аталған.

Бұған дейін CNN Turk телеарнасы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды жихадшылардан азат ету операциясы бастағаны туралы хабарлаған. АҚШ қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растаудан бас тартты. Бірақ, белгілі болғанындай, кеше Ирак әуе күштерінің ұшақтары Мосулға операция басталатынын ескертіп әуеден үнпарақтар тастаған.

АҚШ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, өткен екі жылда халықаралық коалицияның іс-қимылы барысында Сирия мен Иракта 40 мыңнан астам исламшылдардың көзі жойылған. 2016 жылдың басынан бері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бақылауындағы жердің он пайызынан астамынан айырылған.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 қазан 2016, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.