Фото: SputnikАбхазия автономиялық Республикасының Сухуми қаласында жарылыс болды,- деп хабарлады 24.kz.
Денесіне жанкешті белдігін байлаған әлдекім шаһардағы мемлекеттік телерадио компаниясының дәл алдында өзін жарып жіберген. Қастандықтан жанкештіден басқа ешкім қаза тапқан жоқ. Жергілікті билік өкілдері жарылыс террорлық шабуыл жасау мақсатында жасалды деп отыр. Оған қоса жанкештінің сыбайластары болуы мүмкін деген болжам бар. Осыдан кейін билік мемлекеттік мекемелер мен мектептер және балабақшалардағы күзетті күшейтті.
Дереккөз: 24.kz