Атырау, 27 қараша 12:38
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Германия Стамбулда армян қырғынын еске алу концертін өткізбейтін болды

2 391 просмотра

Түрік ұлтшылдарының Стамбулдағы Германия консулдығы алдындағы наразылығы. Қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Германия сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы герман консулдығында жоспарланған Осман империясы тұсында армяндардың депортацияланып, қырылуын еске алуға арналған концертті өткізбейтін болды. Концертті өткізбеу шешімінен соң Берлинді "Анкараның қысымына шыдамады" деп айыптай бастады,- деп хабарлады Азаттық.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазіргі Түркия территориясында армяндардың қырылуын кейбір тарихшылар мен біраз ел геноцид деп бағалайды. Анкара қырылған армяндар саны асыра көрсетілген, армяндар жоспарлы түрде емес, азаматтық соғыстың салдарынан қырылды деп атайды.

Германия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Дрезденнің симфониялық оркестріне концерт өткізіледі деп белгіленген 13 қараша күні консулдықтың залы бос болмайтыны хабарланған. Музыканттар концертті "армяндар мен түріктердің өткен шақтағы жарасын жазу" жолы деп атаған.

Оркестр концертке Түркия басшылығын, оның ішінде президент Режеп Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымды шақырған. Бұл тарихи оқиғаға қатысты ұстаным Еуропа Одағы одақ елдеріне келетін мигранттарды тежеуде Түркияның көмегіне үміт артып отырған тұста Анкара мен Берлиннің қарым-қатынасын шиеленістірді.

Дереккөз: Аzattyq.org

26 қазан 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.