Атырау, 27 қараша 12:29
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей Алеппоны бомбалау уақытша тоқтағанын мәлімдеді

2 149 просмотра

Мәскеу Ресей мен Сирия әуе күштері Алеппоны бомбалауын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін бейбіт тұрғындар мен содырлардың қаладан шығып кетуіне мүмкіндік беру үшін бомбалау жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да тоқтатылғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Бұған дейін Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы "түн ортасынан ауа ресейлік әскери ұшақтар Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы аудандарына әуе соққыларын жасағанын" мәлімдеген.

Кеше Ресей 20 қазаннан бастап Алеппода қаланың шығыс аудандарынан бейбіт тұрғындар мен көтерілісшілердің қауіпсіз түрде шығып кетуі үшін әскери операцияларын 8 сағатқа тоқтататынын мәлімдеген.

БҰҰ Ресейдің бұл мәлімдемесін құптай тұрып, уақытша үзіліс қаладан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға немесе гуманитарлық жүк жеткізуге жеткіліксіз екенін ескерткен. АҚШ Ресей ұсынған сегіз сағаттық үзілісті "аса ұзаққа созылмайтын және біршама кешігіп жасалған" деп атады.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 қазан 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.