Атырау, 27 қараша 12:49
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қытай бортында екі ғарышкері бар басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды

2 723 просмотра

Фото: ReutersАлматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Қытай орбитаға бортында екі ғарышкері бар басқарылатын «Шэньчжоу-11» ғарыш кемесін ұшырды және олар орбитадағы зертханада бір айдай уақыт болуы керек, деп хабарлады ВВС Орыс қызметі.

«Дүйсенбі күні Ганьсу провинциясындағы Гоби тақырында «Цзюцюань» ғарыш айлағынан Қытай уақытымен 07.00 сағатта «Чанчжэн-2F» («Ұлы керуен») зымыран тасымалдағышы басқарылатын «Шэньчжоу-11» («Қасиетті ұршық») ғарыш кемесімен ұшырылды. Кеме бортында 49 жасар командир Цзин Хайпэн мен оның 37 жасар серіктесі Чэнь Дуннан тұратын экипаж бар. Цзин Хайпэн ғарышқа үшінші рет ұшып отыр, Чэнь Дун – бірінші рет», - делінген хабарда.

Екі күнде «Шэньчжоу-11» 393 км биіктікте 15 қыркүйекте ұшырылған «Тяньгун-2» («Аспан сарайы - 2») ғарыш зертханасымен тоғысуы керек. Ғарышта экипаж медициналық, ғылыми және басқа да тәжірибелер жасайды. Барлығы ғарышкерлер орбитада 33 күн өткізеді, оның ішінде 30 күнін - «Тяньгун-2» бортында өткізеді. Миссиясын аяқтаған экипаж «Шэньчжоу-11» кемесімен зертханадан ажырап, бір тәулік дегенде Жерге қайта оралады.

«Шэньчжоу -11» ғарыш кемесінің табысты ұшырылғаны туралы хабарды естіп, мен шын жүректен осы миссияға қатысушылар мен ғарышкерлерді табысты жұмысымен құттықтағым келеді», - деген ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпиннің жеделхатын қытайлық ұшыруларды Басқару орталығында елдің Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Фань Чанлун оқып берді.

ҚХР төрағасы 30 күндік миссия ел тарихындағы рекордтық миссия және «Қытайдың басқарылатын ғарыштық бағдарламасында маңызды жаңа ілгерлеушілік» болып табылады деп атап өтті.

«Барлығы да Қытайдың ғарышты игеру үдерісін тездетіп және қуатты ғарыштық державаны құру үшін осы рухта жұмыстарын жалғастырып, алдына қойылған барлық міндеттерін атқарады деп үміт етемін», - деп мәлімдеді С.Цзиньпин.

ВВС хабарлағандай, ҚХР жоспарында адамды Айға қондыру және адамсыз кемені Марсқа қондыру және Марс бетіне топырақ пен атмосфера құрамын зерттейтін зонд қондыру тұр. Қытайлық орбиталық станция салу бағдарламасы бойынша, стансаның келесі модулі – «Тяньгун-3» – орбитаға 2022 жылы шығарылады.

Қытайдың ғарыштық бағдарламасы 50 жылдан бері дамып келеді. 1970 жылы ҚХР алғаш рет өздерінің жасанды Жер серігін ұшырған болатын.

2003 жылы 15 қазанда ғарышкер Ян Ливэй Қытайдың ғарыштық бағдарламасы тарихында тұңғыш рет «Шэньчжоу-5» кемесімен басқарылатын ұшыру жасады. 2008 жылы 27 қыркүйекте ғарышкер Чжай Чжиган табыспен ашық ғарышқа шықты.

2013 жылы Қытай Ай бетіне айда жүретін «Юйту» аппаратын сәтті қондырды.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 қазан 2016, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.