Атырау, 27 қараша 13:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей мен Қазақстан достығы екі елдің болашағына негізделген – Тоқаев

69 просмотра
Фото:Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Известия» газетінде жарияланған мақаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі елдің болашағына деген жауапкершілікпен негізделген берік достық енендігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстар тұрақты және екі елдің болашағына бағытталған. Сонымен қатар, мақалада Тоқаев соңғы жыл ішінде Владимир Путинмен төрт рет келіссөздер жүргізіп, бірнеше халықаралық шараларда кездескенін және жиі телефон арқылы байланысқанын атап өтті.

Сондай-ақ, мақалада Тоқаев екі ел достығының арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып өтті. Қазіргі таңда елімізде Ресейдің 23 мың компаниясы жұмыс істейді, оның 4 мыңы осы жыл ішінде құрылды. 2022 жылы ресейлік компаниялар Қазақстанға $3 миллиард көлемінде инвестиция салып, жалпы құны $18 миллиардқа жуық 90 жоба жүзеге асырылды. Ал 49 жоба әлі де іске асырылуда. Бұлардың ішінде Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту және 3 ЖЭО-ның құрылысы да бар. Тоқаев Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алып жатқандығын және 3500 мектепте білім беру орыс тілінде жүргізілетіндігін атап өтті. 

Президент мақаланы қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан мен Ресейдің одақтас болып қалатындығымен қортындылады. 

Бүгін, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.