Каспий теңізі 2 мертге тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Каспий суының тартылуы салдарынан судың тұздылығы артты. Теңіз түбінде қысым азайып, улы газдар шығуы мүмкін. Ал бұл Каспийдің өсімдігі мен жануарларына зиян. Тәуелсіз экологтар теңіз суының нақты тартылу себебін анықтап, оның әсері қандай болатынын шұғыл түрде зерттеу қажет деп дабыл қағып жатыр.
Мамандардың айтуынша, теңіз тоқтамай тартыла берсе, тұз концентрациясы көбейеді екен. Бұл оның флорасы мен фаунасына зиян. Экологтар сондықтан толыққанды ғылыми зерттеу жүргізіп, Каспийдің маңайындағы елдермен келісе отырып, теңізді сақтап қалу қажеттігін айтуда.
«Қазгидромет» кәсіпорыны Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының мәліметінше, Каспий – 2006 жылдан бері шамамен 2 метрге төмендеген.