Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум қос елдегі туристік индустрияның 300-ден астам өкілін тоғыстырады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтеді.