Фото: ReutersМосулды азат етудің алғашқы күні сәтті өтті,- деп хабарлады 24.kz.
Ирак әскері жоспарды артығымен орындап, қарқынды түрде алға жылжуда. Бұл туралы Пентагон өкілдері мәлімдеді. Дегенмен, АҚШ-тың қорғаныс саласының басшылары қаланы жаудан тазарту шарасы ауыр болып, біраз уақытқа созылатынын айтқан. Естеріңізге сала кетейік, соғысқа тартылған құрлық әскерінің саны 60 мыңнан асады. Оларға АҚШ бастаған лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияның әуе күштері және Ирак авиациясы, артиллерия бөлімшелері мен күрдтердің «пешмерга» жасағы қолдау көрсетіп жатыр. «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Мосулды 2014 жылы еш қарсылықсыз басып алған болатын.
Масуд Барзани, Күрдістан президенті және бас қолбасшысы: - Қазірге дейін содырлардың бақылауында болған 200 шаршы шақырым аумақты азат еттік. Бұл Мосулдағы операцияның алғашқы кезеңі екенін атап өткен абзал. Біздің қарулы күштеріміз қалаға оңтүстік-шығыс тараптан шабуылдауда.
Дереккөз: 24.kz