Атырау, 27 қараша 12:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі Ресей әскери кемелерінің қозғалысын бақылайды

2 399 просмотра

Ұлыбритания Солтүстік теңізде кетіп бара жатқан Ресейдің авианосеці мен өзге бірнеше кемені бақылауға екі әскери кемесін жөнелтті,- деп хабарлады Азаттық.

"Адмирал Кузнецов" кемесі өзге жеті әскери кеме қазір Норвегиямен шектес теңізде Сирияға қарай кетіп барады. Ресей әскери кемелерін Сирияға НАТО Мәскеуді әскери маневрлерді арандату мақсатында жасайды деп айыптап, екі жақ арасы шиеленіскен кезеңде жіберіп отыр.

"Әскери кемелер судағы территориямызға жақын кетіп бара жатқандықтан біз олардың әрбір қадамын бақылаймыз. Біз Ұлыбританияның қауіпсіздігін сақтау міндетімізді берік орындаймыз" деді Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фаллон.

Қорғаныс министрлігі эсминецтерінің бірі Портсмуттан шығып, тағы бір фрегатпен бірге оңтүстікке қарай бағыт алып бара жатқан Ресей кемелерін қақпайлап жүретінін айтады. Ал солтүстікте тағы бір эсминец Португалия жақтан Ұлыбританияға жаққа бет алған Ресейдің екі жеңіл әскери кемесін қадағалайды.

Ресейдің жалғыз "Адмирал Кузнецов" авианосеці ондаған әскери ұшақты тасымалдай алады. Онымен бірге атом сүңгуір қайығы, екі сүңгуір қайыққа қарсы кеме және төрт кеме де жүріп отырады.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 қазан 2016, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.