Атырау, 27 қараша 12:30
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Киев пен Мәскеу бейбіт келісімді орындаудың жаңа жоспарын жасамақ

2 545 просмотра

Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары келесі айдың соңына дейін Украина шығысында "Минск бейбіт келісімін іске асыру жөніндегі жаңа жол картасын" дайындауға келісті,- деп хабарлады Азаттық. Берлинде өткен Украина мен Сирия мәселелеріне арналған алты сағаттық келіссөзден соң Германия канцлері Ангела Меркель кездесуде "ғажайыпқа қол жетпегенімен", жаңа бітім жоспары барлық тараптың 2015 жылғы Минск келіссөзін орындауына мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Келіссөзге қатысушылар сонымен қатар соғысушы тараптар арасында бір-біріне килікпейтін аймақ құруға, гуманитарлық жағдайды жақсарту шараларын жасауға келісті. Меркель "Мүмкіндікті жіберіп алмау үшін осындай келіссөздерді шұғыл жалғастыру қажет" деді. Украина президенті Петр Порошенко "Жол картасы Минск келісімінің жалғасы болуы керек және ол келісімнің орындалуына кепілдік беруі тиіс" деп мәлімдеді.

Порошенко тараптар Донбастағы майдан шебі бойындағы жаңа төрт территориядан Украина әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистердің әскерін әкетуге уағдаласқанын да айтты.

Берлин кездесуіне қатысқандар сонымен қатар Украинаның шығысына ЕҚЫҰ-ның қарулы полиция миссиясын жіберіп, олардың барлық аудандарға шектеусіз кіруіне мүмкіндік беруге де келісті.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 қазан 2016, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.