Атырау, 27 қараша 12:46
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +4
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

БҰҰ: Йеменде бітім жарияланды

2 324 просмотра

Фото: ReutersБҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы елшісі Улд Шейх Адмедтің мәлімдеуінше, Йеменде 72 сағатқа созылған бітім күшіне енеді және оны соғысып жатқан барлық тарап бірдей қолдауға келісті. Шейх Ахмедтің сөзіне қарағанда, қақтығысты тоқтату режимі 18 қазанда түн ортасында күшіне енеді және ол гуманитарлық көмектің жеткізілуіне мүмкіндік жасайды,- деп хабарлады Азаттық.

Йемен билігінің өкілдері бітім мерзімі ұзартылуы мүмкін дейді.

Президент Абд-Раббу Мансур Хади басқаратын қуғындағы үкімет хусит көтерілісшілерініің қоршауында тұрған Таиз қаласына гуманитарлық көмек жүктерін кіргізуді сұрады. Хуситтер ел астанасы Сананы 2014 жылы басып алған. Үкімет күштері Таизге баратын төрт жолдың біреуін ғана бақылайды. Экс-президент Әли Абдалла Салехтің жақтастары - хуситтерді Иран қолдайды. Хуситтер елдің солтүстігінің жартысына жуығын бақылайды.

Сауд Арабиясы қолдайтын Мансур Хадидің күштері Йеменнің қалған бөлігін жергілікті тайпалармен бірігіп бақылайды. БҰҰ-ның есептеуі бойынша, 2014 жылы көктемде басталған азаматтық соғыстан 10 мыңға тарта адам, оның ішінде 3800 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

18 қазан 2016, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.