Атырау, 18 маусым 07:37
 дождьВ Атырау +20.2
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Махачкалада жарылыстан 23 адам жараланды Әлемде

Махачкалада жарылыстан 23 адам жараланды

Дағыстанның Махачкала қаласында мейрамханада жарылыс болып, кем дегенде 23 адам жараланды. Олардың кейбірінің халі ауыр,- деп хабарлады Азаттық. Дағыстан ішкі істер министрлігі 1 тамызда болған жарылыс мейрамханадағы табиғи газ себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді. 2 тамыз 2016, 09:56 2 481 рет қаралды
Сирияда ресейлік Ми-8 тікұшағы атып түсірілді Әлемде

Сирияда ресейлік Ми-8 тікұшағы атып түсірілді

АСТАНА. Қазақпарат - Сириялық Идлиб провинциясында жердегілер атқылап ресейлік Ми-8 әскери-көліктік тікұшағын құлатты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 1 тамыз 2016, 16:10 1 489 рет қаралды
«Ислам мемлекеті» ресейлік содырларды жиһад жасауға шақырды Әлемде

«Ислам мемлекеті» ресейлік содырларды жиһад жасауға шақырды

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Ресейде бірнеше лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруы мүмкін. Топ жетекшілері күні кеше осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Skifnews.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап. 1 тамыз 2016, 10:57 2 015 рет қаралды
Ереванда полиция полкін басып алғандар билікке берілді Әлемде

Ереванда полиция полкін басып алғандар билікке берілді

Ереванда полиция полкін басып алған қарулы топтың қалған мүшелері қаруын тастап, берілді. Билікпен екі аптаға созылған текетіресте екі полиция қызметкері қаза тапқан. "Армян құқық қорғау органдары тиянақты және үйлесімді іс-қимыл жасауының арқасында қарулы топ мүшелерін билікке берілуге мәжбүр етті. 20 террорист ұсталды" делінген Армения ұлттық қауіпсіәздік қызметінің ресми мәлімдемесінде,- деп хабарлады Азаттық. 1 тамыз 2016, 09:59 2 401 рет қаралды
Кабулде қонақүйде жарылыс болды Әлемде

Кабулде қонақүйде жарылыс болды

Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында бүгін таңертең қонақүй мен логистикалық орталықта жарылыс болды. Әзірге жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бару туралы мәлімет жоқ. Ауғанстан күштік құрылымдарындағы дереккөздері Кабул халықаралық әуежайына жақын ауданда орналасқан Northgate Hotel қонақүй қақпасын жарылғыш зат тиелген жүк көлігі бұзып өткен соң кем дегенде төрт содыр қонақүй территориясына басып кіргенін айтады,- деп хабарлады Азаттық. 1 тамыз 2016, 09:55 2 255 рет қаралды
Америка полицейлері қылмыскерлерді Pokémon Go ойыны арқылы ұстауға көшті Әлемде

Америка полицейлері қылмыскерлерді Pokémon Go ойыны арқылы ұстауға көшті

Шынайы элементтермен толықтырылған Pokémon Go ойынының танымалдылығы АҚШ полицейлерінің назарын аударды. Енді олар бұл ойынның көмегімен қылмыскерлерді ұстамақ,- деп хабарлады BNews.kz. 1 тамыз 2016, 09:45 1 900 рет қаралды
Иранда жасыл көл қызыл түске боялды Әлемде

Иранда жасыл көл қызыл түске боялды

Иранның Урмия көлінің түсі кенеттен жасылдан қызылға өзгертті. NASA өкілдері су қоймасының суретін жариялады, онда көлдегі судың түсі кенеттен ауысқанын байқауға болады. Урмия түсін жыл сайын ауыстырады екен. 29 шілде 2016, 16:38 3 486 рет қаралды
ХОК Олимпиада ойындарына спорттың бес түрін қосуды қолдады Әлемде

ХОК Олимпиада ойындарына спорттың бес түрін қосуды қолдады

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың бес түрі - каратэ, серфинг, құзға шығу, скейтбординг пен бейсбол/софтболды қосуды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 29 шілде 2016, 11:21 2 385 рет қаралды
Түркияның экс-премьері: Ресейлік ұшақты құлатуға мен бұйрық бердім Әлемде

Түркияның экс-премьері: Ресейлік ұшақты құлатуға мен бұйрық бердім

Түркияның бұрынғы премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы мәлімдеме жасады. Ол өткен жылдың қараша айында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік қарулы күштерінің құлатуына бұйрық бергенін айтты,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Бұл туралы Hurriyet Daily News басылымы хабарлайды. 29 шілде 2016, 09:40 1 967 рет қаралды
Түркия билігі 100-ден астам БАҚ жұмысын тоқтатпақ Әлемде

Түркия билігі 100-ден астам БАҚ жұмысын тоқтатпақ

Түркия билігі жүзден астам жергілікті ақпарат құралы жабылатынын жариялады. CNN Turk-тің хабарлауынша, үш ақпарат агенттігі, 16 телеарна, отыз баспахана мен 40-тан астам басылым жұмысын тоқтатпақ,- деп хабарлады Азаттық. 28 шілде 2016, 11:54 1 874 рет қаралды
АҚШ-тың қырқыншы президентін атқан адам психиатриялық ауруханадан шығады Әлемде

АҚШ-тың қырқыншы президентін атқан адам психиатриялық ауруханадан шығады

Вашингтон соты 1981 жылы АҚШ-тың қырқыншы президенті Рональд Рейганға шабуыл жасаған кіші Джон Хинклиді психиатриялық клиникадан шығаруды шешті. Сот шешімі бойынша, пациент енді психикалық аурумен ауырмайды және қоршаған ортаға қауіпті емес - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі centralasian.org-ке сілтеме жасап. 28 шілде 2016, 11:04 1 996 рет қаралды
Қырғызстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтуі мүмкін Әлемде

Қырғызстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Конституция өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы желіде пайда болған парламент спикері Чыныбай Турсунбеков пен Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының лидері Иса Омуркуловтың қолы қойылған құжаттарға қарап айтуға болады, деп хабарлады КирТАГ. 28 шілде 2016, 10:13 1 976 рет қаралды
Трамп Ресейді Клинтонның хаттарын табуға шақырды Әлемде

Трамп Ресейді Клинтонның хаттарын табуға шақырды

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп Ресейді Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы болып тұрғанында қолданған жеке серверіндегі 30 мың электрондық хатты табуға шақырды. Клинтонның сайлауалды штабы дереу Трампты оның бұл мәлімдемесі АҚШ-қа қарсы тыңшылығы мен Мәскеудің елдің ішкі ісіне араласуын мақұлдайды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 28 шілде 2016, 10:03 2 130 рет қаралды
Ереванда басып алынған полиция штабынан атыс үні естіледі Әлемде

Ереванда басып алынған полиция штабынан атыс үні естіледі

Армения полициясының мәліметінше, Ереванда бір апта бұрын қарулы адамдар басып алған полиция штабынан ара-тұра атыс үні естіледі. Армения ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ашот Агаронянның сөзінше, оқ "түрлі бағытта" атылған және ол жақын маңдағы үйлер тұрғындары мен полиция штабына жақын түсірілген күштік құрылымдар қызметкерлеріне қауіп төндіреді,- деп хабарлады Азаттық. 27 шілде 2016, 10:51 2 270 рет қаралды
Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасаған адам: Мен оларды құтқардым Әлемде

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасаған адам: Мен оларды құтқардым

Сагамихара қаласындағы мүгедектер үйінде 19 адамды өлтірген Сатоси Уемацу тергеушілерге "ауыр сырқаттанған адамдарды құтқардым" деп мәлімдеген,- деп хабарлады Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Полиция көлігінде отырып, Уемацу журналистерге қарап күлімсіреп, осы сөзді айтқан. 27 шілде 2016, 10:16 1 662 рет қаралды
Ердоған мен Путин тамызда Санкт-Петербургте кездеспек Әлемде

Ердоған мен Путин тамызда Санкт-Петербургте кездеспек

Түркия премьер-министрінің орынбасары Мехмет Шимшек президент Режеп Тайып Ердоған тамызда Ресейге сапарлап, осы ел президенті Владимир Путинмен кездесетінін хабарлады. Екі ел президенті Ердоған түркиялық әскерилердің ресейлік әскери ұшақты түсіруіне байланысты "өкініш білдіргеннен" бері алғаш рет кездеспек,- деп хабарлады Азаттық. 26 шілде 2016, 17:13 2 750 рет қаралды
Бішкек Анкараға "Гүленнің жақтастарына" қатысты жауап берді Әлемде

Бішкек Анкараға "Гүленнің жақтастарына" қатысты жауап берді

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың Қырғызстанда түркиялық ұйымның қолдауымен жұмыс істейтін жекелеген білім беру орындарына қатысты мәлімдемесіне жауап берді деп хабарлайды Азаттық. 26 шілде 2016, 17:09 3 211 рет қаралды
Франция: Нормандияда шіркеуде кепілге алынған бір адам қаза тапты Әлемде

Франция: Нормандияда шіркеуде кепілге алынған бір адам қаза тапты

Франция ақпарат құралдары 26 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Нормандия аймағының Сент-Этьен-дю-Рувре қаласында шіркеуде кепілге алынған бір адам қаза тапқанын хабарлады. Франция ішкі істер министрлігі шіркеуде адамдарды кепілге алған екі адамның көзі жойылғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 26 шілде 2016, 15:43 2 753 рет қаралды