Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ресей мен Түркия газ құбырын салуға келісті

2 221 просмотра

Фото: ТАССРесей мен Түркия газ құбырын салу туралы келісім жасасты. Құбыр жобасы екі ел байланысы шиеленіскен тұста уақытша тоқтатылған еді. Жоба бойынша, Turkstream құбыры арқылы Еуропаға газды Украинаны айналып өтіп тасымалдау көзделген,- деп хабарлайды Азаттық.

Келісімге Стамбулда өтіп жатқан Дүниежүзілік энергетикалық конгресс аясында қол қойылды. Конгрессте Түркия президенті Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді. Мәскеу Turkstream туралы келісімді өткен жылы қарашада түркиялық әскерилер Сириямен шекарада Ресейдің әскери ұшағын атып түсіріп, екі ел қарым-қатынасы нашарлағанда тоқтатқан.

Путин сонымен қатар Ердоғанмен келіссөзде Сирияның қоршаудағы Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізу қажеттігіне қатысты ымыраға келгендерін мәлімдеді. Алеппода Ресей әскери-әуе күштері мен Сирия үкіметінің әскері әуе шабуылдарын жасап жатыр. Путиннің сөзінше, Ресей мұнай өндіру көлемін азайтуға дайын және ОПЕК-тің мұнай бағасын жоғарылату саясатын қолдайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 қазан 2016, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.