Атырау, 27 қараша 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

НАТО мен ЕО Ресеймен диалогта қатаң саясат ұстануға шақырды

1 550 просмотра

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысыНАТО, Еуропа кеңесі мен Еуропа парламентінің басшылары Ресеймен бір тұрғыдан диалогты жалғастыра беруді жөн көре отырып, екінші тұрғыдан Мәскеуге қатысты қатаң ұстанымда қала беретінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Германияда 10 қазанда өткен форумда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск және Еуропа парламентінің төрағасы Мартин Шульц Мәскеумен қарым-қатынаста теңгермелі саясат ұстануға шақырды.

"Біз Ресейді аластатылған ел деп жарияламауымыз керек. Оның орнына Мәскеуге қателігін айыптайтынымызды, бірақ егер өзі дайын болса диалогқа бастайтын жолды ашық қалдыратынымызды айтуға тиіспіз" деді Шульц.

Столтенберг НАТО-ның қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бері әскери әлеуетін алғаш рет барынша күшейтіп жатқанына қарамастан альянсты Ресеймен конструктивтік қарым-қатынас орнатуға шақырды.

"Біз әскери әлеуетімізді бұдан ары арттыра бергіміз келмейтінін, бірақ егер қажет болса, әскерімізді қайта күшейтуге дайын екенімізді білдіруіміз керек. Біз жаңа қару-жарақ жарысын қаламаймыз" деді Столтенберг.

Дональд Туск те мақсат - Ресеймен қалыпты байланыс орнату екенін, бірақ Еуропа Одағы Ресейге 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін анексиялап алған соң санкция салғаннан бері ешнәрсе өзгермегенін айтты. "Демек, бұл санкция одан ары да ұзаруы мүмкін дегенді білдіреді" деді Туск.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 қазан 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.