Атырау, 27 қараша 11:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Голландия адамдардың өмірден өз еркімен кетуіне рұқсат бермек

1 959 просмотра

Голландия үкіметі эвтаназияны заңдастыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр,- деп хабарлайды 24.kz

Құжат бойынша «енді өмір сүрудің мәні жоқ» деп шешкен кез келген адам өз еркімен өмірмен қош айтыса алады. Тіпті ол үшін айықпас дертке шалдыққан болу да міндетті емес. Елдің денсаулық министрі мен Әділет министрінің парламентке жолдаған хаты бойынша, егер адам өмір сүргісі келмесе, оған лайықты түрде өлуіне рұқсат етілуі тиіс. Дегенмен хатта заң жобасының әлі де толықтыруларды қажет ететіні көрсетілген. Болжам бойынша құжатты дәрігерлер мен этика саласының мамандары бірлесе отырып 2017 жылдың соңына дейін толық әзірлейді. Айта кетейік, 2002 жылы Нидерланд – әлемде алғаш рет эвтаназияны заңдастырған мемлекет. Алайда ол заң бойынша өз өмірін қиюға тек айықпас дертке шалдыққандарға ғана рұқсат берілген.

Дереккөз: 24.kz


13 қазан 2016, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.