Атырау, 7 желтоқсан 08:58
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Обама республикалықтарды Трамптан бас тартуға шақырды

2 188 рет қаралды

АҚШ Президенті Барак Обама Дональд Трампты сынға алып, Республикалық партияның ықпалды мүшелерін оған президенттікке үміткер ретінде қолдау көрсетуден ресми түрде бас тартуға шақырды, деп хабарлады Baq.kz порталы BBC.com-ға сілтеме жасап.

Хиллари Клинтонды қолдауға арналған сайлауалды митинг барысында Барак Обама Трампты 11 жыл бұрын әйелдер туралы айтқан әдепсіз сөзі үшін кінәлау орынсыз екенін, сондай-ақ қазіргі таңда әлемдегі ең маңызды лауазымға үміткер ретінде ұсынуға болмайтынын мәлімдеді.

Обаманың айтуынша, республикалықтар атынан түскен кандидаттың АҚШ-ты халықаралық аренаға шығаруға парасат-пайымы жетпейді.

«Ол темпераменті, білім деңгейі, білімді игеруге деген ұмтылысы, қара қылды қақ жаратын әділдігі жағынан президент болуға лайықсыз», - деді Обама Солтүстік Каролина штатында жиналған халықтың алдында сөйлеген сөзінде.

Дереккөз: Baq.kz

12 қазан 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.