Атырау, 18 маусым 09:08
 дождьВ Атырау +23.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Түркиядағы жарылыстан алты солдат мерт болды Әлемде

Түркиядағы жарылыстан алты солдат мерт болды

Түркияның Иракпен шекарасының маңында болған жарылыстан алты түрік солдаты мерт болды. Түркия әскерилерінің мәлімдеуінше, Иракпен шекара маңындағы Хаккяри провинциясындағы жолда кетіп бара жатқан әскери көлік жарылып, төрт солдат сол жерде қаза тапқан,- деп хабарлады Азаттық. 11 шілде 2016, 09:57 2 382 рет қаралды
Роналдудың көз жасы мен Эдердің голы: Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды Әлемде

Роналдудың көз жасы мен Эдердің голы: Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды

Футболдан Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Финалда португалдар турнир қожайындары Франция құрамасын жеңді. Сурет 11 шілде 2016, 09:43 2 874 рет қаралды
Иракта жойқын жарылыс болды: 35 адам қаза тапты Әлемде

Иракта жойқын жарылыс болды: 35 адам қаза тапты

Бағдат қаласының солтүстігінде жойқын жарылыс болып, атыс шықты, оның салдарынан кем дегенде 35 адам қаза тапты, тағы 60-қа жуығы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 8 шілде 2016, 10:38 2 743 рет қаралды
Барак Обама АҚШ-та қара нәсілді азаматтардың жиі оққа ұшатынына алаңдап отыр Әлемде

Барак Обама АҚШ-та қара нәсілді азаматтардың жиі оққа ұшатынына алаңдап отыр

АҚШ Президенті Барак Обама соңғы кездері полиция қызметкерлерінің афроамерикандықтарды өлтіру оқиғасының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, бұл мәселе барлық америкалықтарға қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 8 шілде 2016, 10:32 3 117 рет қаралды
АҚШ-та наразылық акциялары өтуде Әлемде

АҚШ-та наразылық акциялары өтуде

АҚШ-та полицейлер кезекті рет афроамерикандық азаматты атып тастағанан кейін бірнеше қалада наразылық акциялары басталды. Кеше (Қазақстан мен АҚШ арасындағы уақыт айырмашылығы 10 сағат, ол жақта әлі маусымның 7-сі - бейсенбі) жергілікті арналар соның барлығын тікелей эфир арқылы көрсетті. Вашингтонда наразылық акциясына бір мыңға жуық адам жиналса, Даллас қаласында атыстар болды. Ал Нью-Йорк қаласындағы митингтер тыныш өтті, деп хабаралайды Baq.kz. 8 шілде 2016, 10:16 2 252 рет қаралды
Ресей Голландияға MH17 ұшағы туралы құжаттар берген Әлемде

Ресей Голландияға MH17 ұшағы туралы құжаттар берген

Мәскеудегі Ресей тергеу комитеті голландиялық тергеушілерге Malaysian Airlines компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына қатысты құжаттар бергенін бірақ қайыра ешқандай жауап алмағанын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 7 шілде 2016, 10:28 2 066 рет қаралды
Болгария-Түркия шекарасында томат пастасы арасынан 200 келі героин табылды Әлемде

Болгария-Түркия шекарасында томат пастасы арасынан 200 келі героин табылды

Болгария кеденшілері Түркиямен шекарада құны 10 миллион еуро болатын есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл жайында Бас прокуратураның ресми өкілі Румяна Арнаудова мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 7 шілде 2016, 10:23 2 099 рет қаралды
Сауд Арабиясында бірнеше жарылыс болды Әлемде

Сауд Арабиясында бірнеше жарылыс болды

4 шілде түс ауа жанкешті Медина қаласындағы Пайғамбар мешіті жанында өзін-өзі жарып жіберген. "Ал-Арабия" арнасының хабарлауынша, жанкешті жарылғыш затты күзет қызметі отырған ғимарат жанында іске қосқан,- деп хабарлады Азаттық. 5 шілде 2016, 09:26 2 001 рет қаралды
Тони Блэр Иракта болған соғыс үшін сотталуы мүмкін Әлемде

Тони Блэр Иракта болған соғыс үшін сотталуы мүмкін

Ұлыбританияның экс-министрі Тони Блэрді ұлыбританиялық депутаттар Англияның Иракта болған соғысқа қатысуына байланысты зерттеудің аясында қылмыстық қудалауға тартпақшы, - деп жазады Tengrinews.kz cfqns The Guardian-сілтеме жасап. 4 шілде 2016, 15:39 1 709 рет қаралды
Бағдатта теракт болды: 165 адам қаза тапты - БАҚ Әлемде

Бағдатта теракт болды: 165 адам қаза тапты - БАҚ

Бағдатта теракт болып, 165 адам қаза тапты. Тағы 160 адам зардап шекті. Бұл туралы араб БАҚ-тары жергілікті билікке сілтеме жасай отырып хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бағдаттағы Әл-Каррада сауда ауданындағы терактіні ДАИШ (Ислам мемлекеті) лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр. 4 шілде 2016, 10:03 1 794 рет қаралды
Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс Әлемде

Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс

Бүгін қырғыз президентінің Ала-Арша резиденциясында алтын сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев орта мектепті үздік бітірген түлектерге алтын сертификаттармен бірге президенттік стипендияларды да үлестірді,- деп хабарлады SN.KZ. 1 шілде 2016, 13:14 2 463 рет қаралды
Бішкек: Стамбулдағы жарылысқа қырғыз азаматының қатысы бары расталмаған Әлемде

Бішкек: Стамбулдағы жарылысқа қырғыз азаматының қатысы бары расталмаған

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ДНҚ мен басқа да биологиялық және химиялық сараптамалардың ресми қорытындысы жарияланбай тұрып Стамбулдағы терактілерге қырғыз азаматының қатысы бар деу ерте және жалған деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 1 шілде 2016, 10:24 2 019 рет қаралды
БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды Әлемде

БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды

АҚШ Сирия дағдарысын Рсееймен бірлесіп шешудің жаңа тәсілін ұсынды. Washington Post басылымының хабарлауынша, ұсыныс Мәскеуге осы аптада жіберілген. Ұсыныста АҚШ "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Джабхат әл-Нусра" тобына қарсы операция бойынша ақпарат алмасып отыруға шақырады. Кремльдің Барак Обама әкімшілігінің саяси бағдарды түбегейлі өзгерту туралы ұсынысына жауап бергені, я бермегені әзірге белгісіз,- деп хабарлады Азаттық. 1 шілде 2016, 09:47 1 991 рет қаралды
Түркияда жарылысқа қатысты 13 адам тұтқындалды Әлемде

Түркияда жарылысқа қатысты 13 адам тұтқындалды

Түркия полициясы Стамбул әуежайында болған терактіге қатысты 13 адам, оның ішінде үш шетелдікті тұтқындады. Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 30 маусымда полиция Стамбулдың 16 жерінде рейд жасаған,- деп хабарлады Азаттық. 30 маусым 2016, 15:51 1 603 рет қаралды
Ұлыбритания консерваторлары жаңа премьер сайлау кампаниясын бастады Әлемде

Ұлыбритания консерваторлары жаңа премьер сайлау кампаниясын бастады

Ұлыбританияның консервативтік партиясында жаңа премьер-министрді сайлау кампаниясы басталып кетті. Іс басындағы премьер Дэвид Кэмерон 23 маусымда Ұлыбританияда өткен референдумда британдықтардың көпшілігі елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берген соң 9 қыркүйекте отставкаға кететінін мәлімдеген. Кэмерон Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын қолдайды,- деп хабарлады Азаттық. 30 маусым 2016, 11:28 2 166 рет қаралды
Стамбулдағы теракт құрбандары саны 42-ге жетті Әлемде

Стамбулдағы теракт құрбандары саны 42-ге жетті

Стамбул әуежайындағы теракті құрбандары саны 42 адамға жетті. Қаза тапқандар арасында 13 шетел азаматы бар. Терактіден 239 адам зардап шеккен. Олардың 128-і ауруханада, оның ішінде 40-ы жан сақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 30 маусым 2016, 11:23 2 294 рет қаралды
ЕО Ұлыбританияның одақтан шығуына уақыт берді Әлемде

ЕО Ұлыбританияның одақтан шығуына уақыт берді

Германия канцлері Ангела Меркель британ сайлаушыларының Еуропа Одағынан (ЕО) шығу шешімінен қайтарудың "ешқандай жолын көрмей тұрғанын", бірақ ЕО басшылары Ұлыбританияға одақтан шығу процесін бастауға біраз уақыт беретінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 29 маусым 2016, 11:59 2 438 рет қаралды
Стамбулда Ататүрік әуежайындағы жарылыстардан 36 адам мерт болды Әлемде

Стамбулда Ататүрік әуежайындағы жарылыстардан 36 адам мерт болды

Түркияның Стамбул қаласындағы Ататұрік әуежайында болған жарылыстан кем дегенде 36 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Түркия билігі өкілдерінің хабарлауынша, 28 маусым күні кешке жанкешті үш адам әуежайға таксимен жетіп, әуежайға кіреберістегі бақылау-өткізу бекеті маңында полициямен атысқан. Бұдан соң шабуыл жасаған үшеуі өздерін жарып жіберген,- деп хабарлады Азаттық. 29 маусым 2016, 09:45 2 224 рет қаралды
Түркия премьер-министрі: Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу туралы әңгіме болған жоқ Әлемде

Түркия премьер-министрі: Ресейлік ұшақтың шығынын өтеу туралы әңгіме болған жоқ

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым Түркияның ресейлік Су-24 ұшағының шығынын өтемейтінін айтып отыр. Түркия болған оқиғаға байланысты тек кешірім сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новостиге сілтеме жасап. 28 маусым 2016, 15:47 2 305 рет қаралды